Кесек, бор, топырақ жеу қаназдықтың белгісі. Кесек пен борда зиянды нәрселер өте көп. Асқазанға ауыр тиіп, зат алмасу процесіне кері әсер етеді. Кесек, бор құрамында тек асқазанға ғана емес, бауырға жиналатын көрінбейтін құрттар мен бүйрекке жиналатын құм мен тас бар. Бор қан құрамындағы қызыл түйіршіктерді азайтып, ағартып жібереді. Бұл жаман әдеттен тез арылмасаң денсаулығыңды бұзып аласың. Бетіңе де әр түрлі дақтар түсіп, әлсіреп кетесің. Кесек , бор жегің келген кезде , басқа нәрселер жеп тұр. Банан, алма, құрт, сүзбе осылар аз болса да құмарлығыңды басады , бір жағынан витамин жетіспеушілікті жояды. Қысқасы құнарлы тамақтанып, таза ауада жүріп, салауатты өмір салтын ұстан!