+2 дауыс
1.3k көрілді
Доменді қалай сатып алуға болады?

2 жауап

+1 дауыс
Саған керекті ақпарат осында досым: https://hoster.kz немесе http://dnr.kz/
ЖАКСЫ ЖАУАП
0 дауыс
Доменді қазіргі кезде арнайы лецензиядан өткен хостинг компаниялар ғана тіркей алады. Оларлың тізімін http://nic.kz/srs/registrars.jsp көрсең болады.

Мен ps.kz хостингінің қызметін қолданамын. Домен тіркеу бағасы да төмен жылына 1 900 тенге.

Ұқсас сұрақтар. https://surak.baribar.kz/162174/

Домен деген – ол сіздің сай­тыңыздың тіркеуден өткен атауы. Домендер екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі – жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі – ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.

Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халық­аралық стандартқа сәйкес, елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер (KZ– Қа­зақстан, RU – Ресей үшін, DE – Германия үшін, UK – Ұлыбритания үшін) пайдаланылады. Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бо­йынша беріледі.

Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: бірінші­ден, академиялық желілерден ұлт­тық домендердің операторлар (про­вай­дерлер) бірлестігіне өтуі, сон­дай-ақ қатар тіркеу ережелерін да­йын­дауға елдің интернет-қауым­дас­ты­ғы­ның қа­тысуы: нарықтың кә­сіби қа­тысу­шы­лары, тұтынушылар, қо­ғам­дық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.

Қазақстанда KZ доменін басқару және реттеумен екі ұйым айналысады. Аталған доменнің техникалық жағынан жұмыс істеуіне жауапты Қазақ желілік ақпарат орталығы мен құрамында ұлттық доменді тіркеу және дамыту идеологиясын әзірлеумен айналысатын қазақстандық ІТ-компаниясының қауымдастығы болып табылады.
ps.kz хостингтерінде арнайы шаблондар бар ма? Екінші сұрақ: jimdo сайтында ашқан сайтым маke.jimbo.сom сайтын make.kz  деп өзгерте алам ба? Рахмет админ
Белгісіз
...