0 дауыс
1.8k көрілді
Адамзаттың азаматы эссе жазып бересіздер ме? Шыңғыс Айтматовқа байланысты

1 жауап

0 дауыс
Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.
Азамат ұғымын кәмелеттік жағынан талдау салыстырмалы сипатта болып келеді. Себебі табиғат, орта, дәстүр, заман ағымы, өмір сүру ерекшеліктері әр елде, әр жерде әртүрлі және ол бірыңғай болып тұрмайды. Соған орай кәмелеттілік жас мөлшері де әр елде, әр кезеңде әрқилы. 16 ғасырда Англияда жасөспірімдер қолөнершілік кәсібін игеру үшін тәрбиеші-ұстаз бақылауымен 7 жыл оқыған. Шәкірттер үшін сол ұстаздары жауап берген. Мұнда “кісі 23 жасқа жетпейінше, ол көбіне өзін-өзі басқаруға, дұрыс ой қорытындыларын жасауға әлі тәжірибесі жеткіліксіз, көбіне алыпқашпа сезімдердің жетегінде болады” деп есептеген. Сондықтан да олар оқуын бітіріп, 24 жасқа толған соң ғана үйленуге, өз бетімен қызмет атқаруға құқылы болды.

Ұқсас сұрақтар

...