0 дауыс
18.2k көрілді
Маған жасушаны құрылысы,толық ақпарат керек еді?  Гугл сайтынан іздесем өзіме нақтысын таппай қойдым.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жасуша туралы толық ақпаратты мына сайттан қарап көріңіз.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0.комегім тейп қалар
Мұнда ештеме жоқ
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0        
 осы ғой қателесіпін!!!
0 дауыс

Жасуша

Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке ағза ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты азғалар Клеткасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Клетка, ал ересек адамның ағзасында – 1014 Клетка болса, ағзаның кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома,клеткалық мембрана деп атайды. Рибосома Клеткадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі ағзалардың Клеткасында кездеседі. Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Клетка бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Клетка мембранасы атқаратын ағзаларда митохондрия болмайды. Ядро – ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әр түрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосомаферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Клетка ішіндегі ас қорытуға және Клетка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Клеткалық мембрана – Клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Клетка органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Клетка мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Клетканың қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелерөсімдік Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клетканың целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Клетка қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар

рахмет көп
Жақсы жауапты баса салсай
0 дауыс
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке ағза ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты азғалар Клеткасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Клетка, ал ересек адамның ағзасында – 1014 Клетка болса, ағзаның кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Рибосома Клеткадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі ағзалардың Клеткасында кездеседі.Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Клетка бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі.Митохондрия – Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Клетка мембранасы атқаратын ағзаларда митохондрия болмайды. Ядро – ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әр түрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Клетка ішіндегі ас қорытуға және Клетка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Клеткалық мембрана – Клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Клетка органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Клетка мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Клетканың қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клетканың целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Клетка қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.[1]
0 дауыс
Жасушалардың түрі мен пішіні әртүрлі болады. Олпр сопақ домалақ және тағы да басқа пішіндерде болуы мүмкін, онын үлкендігі 3-7 микроннан 200 метрге дейн барады, Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушасы болып табылады, жасуша цитоплазма мен ядродан турады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 15.10.2013 Биология сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 1.10.2013 Биология сұрақ қойды
...