Samsung galaxy s3 Смартфон 2012 жылдың 3 мамырында Лондонда таныстырылды. 2011 жылдың соңына қарай Samsung Galaxy S III бұқараның көптен күткен смартфонына айналды. Интернетте иілетін дисплейлі, керамикалық корпустан жасалған, 12-мегапикселді камерасы бар деген сыбыстар таралған, алайда ол айтылғандар орындалмады. Смартфон Samsung өндірген Exynos 4412 төртядролы орталық процессорын пайдаланады, дисплейінің диагоналі 4,8 дюймді HD SuperAMOLED[4] , аккумулятор сыйымдылығы 2100 мА·с, 8-мегапиксельді камералы, 1 Гб оперативті жадысы мен жаңа интеллектуалды функциялар орнатылған, мысалы, Samsung-тің өзі жасаған — Smart Stay технологиясы алдыңғы камераның арқасында, дисплейге қараған қолданушының жанарын танып, экранның жарықтығын төмендетпейді және дисплейді құлыптамайды. Сатылымға құрылғының бір-бірінен флеш-жадының көлемі бойынша ажыратылатын үш түрлі нұсқасы шықты: біріншісі 16 Гбфлеш-жадылы, екіншісі — 32 Гб, үшіншісі — 64 Гб. Samsung Galaxy S III Samsung Galaxy S II-ның ізашары болып табылады. Ол да Samsung-тың техникалық жағынан жақсартылған алдыңғы флагмандарының бірі болған.