Кешегі шығып жатқан "жол жүру ережесі" бойынша заңдарға қалай қарайсыздар? Әрине түсінемін, айыппұлдарды көтерсек халықтың ережешіл болуына ықпалын тигізері анық. Алайда, жоғарыда отырған депутат, министр - лауазымды бауырларымыздың бар тапқан амалы осы ма? "Мұнайымыз бар, байлығымыз бар, мемлекет бізге үлесімізді беру керек" - деп қоямыз тағы. Керісінше тонаушылық іс-әрекет қой бұл. Алкоголь ішетін адам іше береді, жол жүру ережесін білмейтін адам (куәлікті сатып алған) солай жүре береді, "кісімсымақтар" ережені алайда-бұлайда бұзып жүре береді. Меніңше, бұл жүйе толығымен жұмыс істемейді (әрине анығын Аллах (т.ғ.) білер), өйткені адами фактор - жеңіп кететін сияқты. Мысалы, "екі жолақты сызықты" басып кеттің делік, айыппұлы - 200 000 теңге, ал алатын айлығың - бар жоғы 60 000 - 70 000 теңге болса, жұмысқа машинасыз бара алмасаң не істейсің? Жол жүру куәлігін алу үшін барып банктен кредит алмайсың ғой? Сол үшін МАИ қызметкеріне бірдеңе бергенің тиімдірек болып көрінеді. Ал ол кісілердің алмасына сен қоймайсың, өйткені саған ол ауадай қажет. Сонымен ол айыппұлдың көлемін айтады, ал сен бере алатын барыңды бересің. Коммуналдық төлемдер мен бірге "бұл төлемдерді" де көтеріп берді ғой үкімет. Қысқасы бір кісілердің "асығы алшысынан тұрған" кез келді. Сіздер не дейсіздер?