+1 дауыс
452 көрілді
Менің бастығым өте мазасыз,өркөкірек адам.Оның үстіне әйел кісі.Қызметтес болғалы арамыз дұрысталмай қойды.Жиналыста болсын,басқа жерде болсын абыройымды айрандай төгіп болды.Істеген нәрсенің ешқайсысына риза емес.Шаңқылдап нервіме тиіп бітті.Үндемей әрең шыдаймын.Тілі де ащы,басқа жұмысқа ауысып құтылайын десем ол да болмайды.Қандай амал жасасам екен?Күн сайын ұрыс ести бергім келмейді.Сіздер не істейсіздер егер әйел адам бастығыңыз болса?

2 жауап

0 дауыс
Сен оның "тамырын басып көр". Мүмкін табарсың оның ыңғайын. Әйел адам әлсіздеу келеді мұндайда. Бірден өзінің әлсіз жерін көрсетіп алады. Мен саған жаман ойдағы (интим емес) нәрсені айтып отырған жоқпын, психологиялық тұрғыдан оның қай деңгейде жүргенін біліп ал да соның ағымымен жұмыс істе, бірақ жаман қылықтарға ауытқып кетпе. Қысқаша айтқанда "аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін" деген сияқты, бастықтың аты - бастық. Ол ұрысып жатса орынды. Ал орынсыз ұрысып жатса, шектен шықпай, ашуы басылғанша "Сіздікі дұрыс" дей сал, ақыл-есі болса түсініп соңынан өзі ұяла жатар, болмаса Алланың (т.ғ.) алдында өзі жауапты. Хадистерде айтады - бастығыңды тыңдауын керек және оған бағынуың керек. Демек, өзіңді Аллахтың (т.ғ.) пендесімін деп мойындасаң, бастығыңды тыңдап, оған бола жүйкеңді тоздыра бермей жұмысыңды жасай бер. Аллах (т.ғ.) бұйырса, ол бастығың кейін сенің қол астында болып, сосын өзіңді соның орнында болғанда мүмкін түсіне жатарсың, бірақ ол кезде кек қайтарушы болма!!! Кекшілдер "біздерден" (мұсылмандардан) емес! Аллах (т.ғ.) жолыңды берсін!!!
Ол кісі бәрібір түсінбейді,мақсаты мені шығарып,өз жақынын орналастыру.Жүйке темір емес қой.
0 дауыс
Қазақта "Үндемеген үйдей бәледен құтылады" деген сөз бар. Бастық мазасыз болса, оған қарсы келмей, үндемей құтылған дұрыс.
...