0 дауыс
616 көрілді

Достар заңгерлер маған көмек керек...Азаматтық құқықттық практикумнан 93 беттен 95 ші бетке дейін 2,3, және 4 есептерді шығаруға көмек сұраймын. Өзім шығарып көргенмін қайта қайта қате шығып жатыр. сол үшін осы сайттан заңгерлерден көмек сұраймын.  Есептердің тақырыбы " Меншің құқығы мен өзгеде заттық құқықтарды қорғау" - 2 есеп: - Рақышеваның өлімінен соң оның мүлкі мұра бойынша Салтаеваға өтеді. Мұраға қалған мүлік ішінде белгісіз суретші В. Л. (бүл инициалдар суретте қойылған болатын) олған суреті бар болады. Суреттің авторын анықтап, оны бағалау үшін Салтаева марқұмның пәтеріне өнертанушы маманды шақырады. Суреттің кір болуынан өнертанушы оның авторын анықтай алмайды. Марқұмның пәтерін заттардан босату керек еді. Мұрагер тұрғын үй кеңсесінің бастығы Бейбітовпен суретті уақытша кеңсе ішіне қою туралы келіседі. Ақыры картина ол жерден жоғалып кетеді. Бейбітов тұрғын үй кеңсесінен жұмыстан шығарылады да көп ұзамай қайтыс болады. Бірнеше жылдан соң Салтаева Кастеев мұражайының жаңа қойылымдар көрмесінде жоғалған суретті кездейсоқ тауып алады, оның үстіне ол белгісіз суретші қылқаламынан шыққан сурет ретінде емес, Левитан шығармаларының бірі ретінде қойылған.

Кастеев мұражайының Салтаеваға берілген анықтама қағазы мұражайдың суретті Бейбітовтен сатып алғаның растайды, содансоң Салтаева мұражайға суретті қайтару туралы талабын қояды. Талапқа қарсы болып, мұражай Бейбітовтің срет иесі екеніне күмәндануға еш негізі болмағанын және суретті жаңартуға мұражай шығындалғанын, ал одан соң суреттің құны күрт өскенін көрсетіп айтады.

Жауапкер дәйектеріне талдау жасап істі шешіңіздер.

3 есеп: - Қиялованың басқа мүлігі мен бірге қара күзен тоны да ұрлағанады. Тергеу органдары тонның ломбардқа саудаға кепіл ретінде Қорабаев төлқұжаты бойынша тапсырылғанын, ал Корабаевтың төлқұжатта көрсетілген мекен-жайда тұрмайтыны анықталады. Қиялова ломбартқа тоңды қайтарып беру талабын қояды.Талапқа қарсылық білдіре отырып, ломбард жарғыға сәйкес азаматтардың ломбардқа саудағакепіл ретінде тапсыратын заттардын шынымен олардікі ма, жок па екенін тексермейтінін, Қорабаевтан лобард тоңды жеке меншігіне алмағанын және ақырында егер тоңды Қияловаға қайтарып беретін болса, ломбардтың мүліктік үддесіне шығын келетінін, өйткені тоңды ломбардқа өткізген азаматтан сауданы қайтарып алу мүмкін еместігін сілтейді.

Істі шешіңіздер.

4 есеп: Омаров мұрагерлік бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйге ие болады. Омаров күрделі жөндеу жүргізіп, үді қата жобалайды да оған екі үй алды бастырмасын жалғап салад (жазғы және қысқы), үйге бумен жылытуды орнатады.

Жұмыстар аяқталған соң көп ұзамай Мұсин Омаровқа үйге меншік құқығын тану және оны үйден шығару талабын қояды. Өз талабына дәлел ретінде Мұсин өз кезінде қылмысты іске заңсыз тартылғанын және мүлігі, соның ішінде үйі де тәркеленіп сотталғанын көрсетеді. Оның жоқ болған кезеңінде билігіне үй берілген жергілікті басқару органы оны Омаровтың әкесіне сатып жібереді. Қазіргі уакытта Мұсин толыгымен акталып шығады және ұйге қоныстануды қалайды.

Омаров талапқа қарсы болады. Ол бала кезінен осы үйде тұрып жатқанын, үйді мұра бойынша алғанын, оның жөнделуі мен жабдықталуына өзінің барлық қаражатын жұмсағанын және басқа тұратын орны жоғын сотқа түсіндіріп айтады. Мұсинге қатысты, оның ақталған адам ретінде мемлекеттен пәтер алғандығын, ал үйдің оған керек жоқтығын айтады. Пәтерді Мұсин жекешелендіріп алған.

Тараптар дәйектерін талдап, істі шешіңіздер.

Көмек бергендеріңізді сұранамын? Өтініш құрметті заңгерлер!

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...