Киіз үйдің киіздері
Киіз үй төрт түрлі киізбен жабылады, олар: түндік, туырлық, үзік, киіз есік. Бірінші туырлық жабылады. Оның үстінен үзік жабылады. Түндіктің төрт бауы болады. Бұл бауларды керек кезінде түндікті ашуға, жабуға пайдаланады. Киіз үйдің сыртынан үш жерден белдеу байланады. Қатты жел, дауыл болғанда киіз үй құлап қалмау үшін, сыртынан жуан арқан белдеумен тартып, жерге қағылған қазыққа байлап қояды. Киіз үйдің басқұрлары, баулары әшекейлі, әдемі болады.