0 дауыс
74.8k көрілді
Адамнын жаксы жаман болмагы озинен шыгарма жазу керек комектесиндерши!!!

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да  жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы  адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.

Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады.  Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.

Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.
Дайана ар-ұжданды деген не
0 дауыс
Адамнын жаксы жаман болуы озинен ойткени адам кейбиреулерге ерип жаман истерди кайталаса жаман болады.Жаксы жолга туссе болашагы онын алда.Жаманнын артынан кайталама.Жамандык жасамай журе бер,сонда болашагын алда жаксы болады.Жаксы адамдар касына жаманды жолатпайды.Кейбиреулер жаксы болып келе жатса да,жаманга кызыгып солардын артында журеди.
0 дауыс

Адамның жақсы жаман болуы әрине өзінен деп ойлаймын. Себебі:адам дүниеге келгенде алла тағала теңдей қылып жақсы жаман қасиет береді.Әрі қарай адам өзі шешеді екі жолдын бірін тандайды.Оған әр нәрсе әр адам жақсылық тілесе жақсы жолға түсуге көмек беріп жол көрсетеді.

0 дауыс
Адам жақсы жаман болуы мінез-құлықпен тəрбиеде.Əр ата -ана балаларына жақсыны, ақ пен қараны ажырата білуге баулыйды.Солай келе бала ата-анадан тек жақсыны ғана емес жаманды да бойына сіңіріп үлгереді.

Егер бала жаман қылықпен өссе увқыт өте келе дұрысталып кетеді. Ол өскенде жаксы болсын не жаман болсын бəрібір өзгеріп дұрыс жолға түседі.
0 дауыс
АДАМ БАЛАСЫ ЕШҚАШАН  ЖАМАН БОЛМАЙДЫ.БІРАҚ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МЕН КОМПЬЮТЕДІ  ШЕКТЕН ТЫС ПАЙДАЛАНУЫ МҮМКІН.БІРАҚ  СОНДАДА  АДАМНЫҢ ЖАМАНЫ ЖОҚ
...