КСРО-ның кезінде бір ғана некенің түрі болған сияқты, ол заңды түрде үйленіп, АХАЖ-да тіркелген неке еді. Бірақ ол кездегі бір келеңсіздік некенің мұсылманша рәсімделуін ескере бермеу еді, сонда да мұсылмандар беташар рәсімі кезінде молда шақырып бұл рәсімнен өтетін. Бір айтарлығы қазіргімен салыстырғанда неке беріктігі көп жоғары болғанын айта аламын. Ал қазір неке түрі көбейіп бара жатқандай ма білмеймін. Заңды тіркелген неке, мұсылманша неке, аралас неке, азаматтық неке, бір жыныстылар арасындағы неке т.с.с. кете береді. Заманнан ба, адамнан ба білмедім, әйтеуір қорқынышты уақыт болып бара жатыр. Жігіттердің көбісі қатын сияқты бір-біріне тиіп жатса, қыздарымыз қырыққа жеткенше оқу-моқу, қызмет-мызмет деп өтірік далбасалап байға тимесе қорқынышты болмағанда несі қалды бұл заманның.