+1 дауыс
5.0k көрілді
Әлемде 7 керемет бар екенiн бiлемiз,ал 8-iншi кереметi не екенiн бiлесiздер ме?

9 жауап

+1 дауыс
8-керемет АНА! Өтінем, толығырақ ақпарат беруге тырысыңыз (25 әріптен кем болмасын)
+1 дауыс
http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/11774 Мынаны көрші.Шынымен де керемет екен!

http://www.on.kz/u9017/blogpost/4372/
+1 дауыс

Әлемнің сегізінші кереметі – Ват Ронг Кхун

Ғибадатханалық Ват Ронг Кхун кешені Тәж Махал, Гауридің Саград Фамилья сынды туындыларымен пара-пар келіп, әлемнің кереметтерінің қатарына қосылмақ. Құрылысы күрделі бұл ғимарат Тайландта орналасқан.

"Қалған ғұмырымды суретшілікке арнаймын деген үміттемін. Бұл шешімім дұрыс па, әлде бұрыс па білмедім. Бірақ, солай шештім. Соңғы демім қалғанша «Ват Ронг Кхун» құрылысын соңына дейін жеткіземін". Бұл сөздер осы сәулет өнерінің өмірге келуіне үлкен үлес қосқан Коситпипат ағайындылардың біреуі Чалермчайдың сөздері. Тарих сахнасында осы таңғажайыптың эпиграфы болған адам.

Ағайынды Коситпипаттар Тайландта зор мәртебеге ие. Бірі – атақты суретші болса,  екіншісі – керемет инженер. Бірі Ват Ронг Кхун ғибадатханасының декоре эскиздерін ойластырса, екіншісі ол ойды жүзеге асырады.

Осы күндері Ват Ронг Кхунға қажетті демеушілікті Чалермчайдың сатылған картиналары мен келген туристерден түсетін қаражаттың арқасында ағайындылардың өздері атқарады. Ары қарайғысы келушілердің қолында.

Бұл жұмысты бастау үшін Чалермчай өз туындыларын 20 жыл бойы сатып, сол уақыт бойы ақша жинаған. Бұл туралы өз өмірі туралы жазған деректерінде келтіреді. Бүгін де, болашақта да келушілерден пайда табу мақсатымен еш уақытта ақша алмаймыз, тек өз қалауларымен бергендерін аламыз дейді.

"Сонда мұнша бағалы әрі сәнді құрылысты жасауда оның мақсаты қандай? Кім үшін жасады осының бәрін?" деген заңды сұрақ туады.

Оның түсі тазалықты баян етеді. Ғибадатхана Будданың кемелділікке ұмтылған жолымен іспеттес дейді. Осыған сәйкес ғибадатхананың жанында суда жүзіп жүрген балықтар да ақ түсті. Су айдыны күйбең тіршілікті ұмытқызудың нышаны. 

*

Әлемнің сегізінші кереметі

Түркия жерінде қонақ болған кез келген қазақ Памуккале деп аталатын табиғат кереметін көрген болар. Ал ондай кереметті көру мүмкіндігінен мақұрым қалған Әлемтану оқырмандарына атақты ақ таулар туралы ақпараттарды оқып шығуға асығыңыз дегіміз келеді. Өйткені, Памуккале экологиялық апаттың алдында тұрғандықтан, жақында бұл жер біржола ғайып болады деген алып-қашпа әңгімелердің жаны бар.

Памуккале сөзі түрік тілінен аударғанда "Мақталы қорған" деген мағынаны білдіреді. Расымен де солай, Памуккалеге алыстан қарасаңыз, ерекше бекіністі көргендей боласыз. Ал жақындағанда тау екендігіне көзіңіз жетеді.

Сталактитпен көмкерілген террасаға ұқсайтын таулар Денизлиқаласынан 18 шақырым жерде орналасқан.

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан Памуккале дертінен айыққысы келетін миллиондаған адамдардың құтқарушысына айналып үлгерді. Тарих беттерінде тіпті сұлтандардың өзі осы Памуккаленің шипалы суымен емделгендігі айтылады. Су гипертония, ревматизм, рахит, сал ауруларына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан-ішек, тері және көз ауруларына жақсы көмектеседі. Ем іздеп келген кез келген адам шағын ғана сарқырамалардың астында тұрады екен.

Памуккаледен бес шақырым жерде атақты Карахаит шипалы бұлағы ағып жатыр. Бұл жердің суы Памуккаленің суы секілді ақ емес, ашық-қызыл түсті болып келеді. Судың температурасы - 60 градус.

Памуккаледен бес минут жол жүретін болсаңыз, жылы минералды суы бар "аңыз бассейнін" көре аласыз. Ол құрамында магний, кальций сульфаты мен көмірсутек мол су.

Бұл жердің суының дәмі ащы болып келеді. "Клеопатраның ваннасы"деп аталып кеткен шипалы мекен асқазан, ревматизм, бронхит ауруларын емдеуде көп жетістікке жеткен. Ел аузындағы аңызға сенсек, осыдан бірнеше жыл бұрын бассейнге түскен адамдар 10 жасқа жасарып кеткен көрінеді.

Жалпы сегізінші деп айтуға тұрарлық керемететтер өте көп..... 

 

+1 дауыс
Әлемнің сегізінші кереметі ол ҚАЗАҚСТАН!
ҚАЗАҚСТАН несімен керемет,,,,,,,,,,,,
0 дауыс

әлемнің сегізші  кереметі  ол  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесі

0 дауыс

8 кереметі мына жерден ала аласың

0 дауыс

Сендер Кинг-Конг деген киноны көрген боларсыңдар, сол кинодағы Кинг-Конг әлемнің 8-ші кереметі.

0 дауыс

әлемнің сегізінші кереметі -  Ұлы Қытай қорғаны деп ойлаймын

0 дауыс

8 керемет-Астана.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+2 дауыс
2 жауап
0 дауыс
6 жауап
...