0 дауыс
12.9k көрілді
Бала туылганан бастап 13 жаска дейін екі иығында періште болатыны распа?
сонда менің періштем кетіп қалыпты ғо? )))

5 жауап

0 дауыс
әр адамның өз періштесі болады. ол тек 13 жасқа дейін бала саналады деген магынада. 13те отау иесі деген сөзбенде тусинуге болады.
0 дауыс
Адамның қасында көптеген періштелер жүреді. Ал екі иықта періште болатыны рас. Олар адам қайтыс болғанға дейін болады. Оң иықтағы періште адамның жақсы амалдарын, жақсы сөздерін жазып отырады. Ал сол иықтағы періште, адамның жаман істерін, жаман сөздерін жазып отырады. Ақыр заман болғанда. Осы жақсы, жаман амалдары салыстырылып, тозақпен жұмаққа түседі.
0 дауыс

Я өле-өлгенше қасымызда періште болады!Тек болмайды қандай жағдайда әрине  Арақ ішкенде болмайды,оны хадистен оқыдым,Арақ ішкен адамға 40 күн бойы Періште жоламайды!Және Шайтанда болатынын да айта өтейін оны қасымызға жолатпау үшін бір сүре ма?Оқу керек!Және кейбіреулер айтып жатады распа өтірікпа белмедім,адамның 1-шы иығында Періште,2-шы иығында Шайтан деп!

0 дауыс
Айтып отырғаның адамның адамның жасаған сауабы мен күнәсін жазып отыратын! Ол періштелер ер бала 13 жастан қыз бала 9-10жастан бастап жазылады амал сауаптары! Ал оған дейін яғни кәмелетке толмаған балаға жазылмайды! Басқа да ақпарат білгің келсе міне: Жазушы періштелер Кирамун Катибун – адамның оң және сол жағындағы амал дәптерін дайындайтын екі періштенің есімі. Құранда айтылғандай: «Оның оңына да солына да екі (сөздері мен амалдарын) байқаушы отырады» 10. Яғни, оң жақтағы періштеге ізгі қайырлы амалдарды, ал сол жақтағы періштеге дініміздің әмірлеріне сәйкес келмейтін түрлі іс-әрекеттерді жазу міндеттелген. Сонымен қоса олар қиямет-қайымдағы есеп күні бүкіл жасалған амалдарға да куәлік етеді. Құранда: «Сендерді (жандарыңнан ажырамайтын) бақылаушылар бар. (Олар) ардақты (бейтарап) жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі» 11; «Немесе олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине, періштелеріміз алдарында жазуда» 12– деп Кирамун Катибун періштелері туралы баян етілуде. Аллаһ тағала осы Кирамун Катибун періштелеріне: «Егер де құлым жамандық істегісі келсе, оны жасағанша күнә жазбаңдар. Ал, жасаса, бір күнә жазыңдар. Ол істі Мен үшін тәрк етсе, бір сауап жазыңдар. Ал, жақсылық істегісі келіп, істемесе де бір сауап. Жақсылық істесе, он сауаптан жетпіс мыңға дейін сауап жазыңдар» 13, – деп бұйырған. Яғни жасамаса да адамның жақсылыққа ниет етуі – сауап, ал жамандық жасалғанда ғана күнә болып жазылуын Аллаһтың құлдарына деген мәрхабаты, рахымы деп түсінуге болады. Танымал түрік ғалымы Елмалылы Хамди Языр өз тәпсірінде бұл жайында былай дейді: «Аузынан шыққан әрбір сөзін қағазға түсіретін періштелердің бар екенін және Аллаһтың өзіне күре тамырынан да жақын екенін адам баласы ұмытпауы тиіс. Аллаһ тағала адамның ішкі ойларынан да хабардар. Имам Мәлік: «барлық сөз жазылады, тіпті ауырған адамның ыңырсуы да» 14– деп барлық сөз атаулының міндетті түрде жазылатындығын ұқтырған. Тәпсірші Алуси: «Адамдардың жасаған әрбір (жақсылы-жаманды, біліп-білмей жасаған) амалы мен сөздерін періштелердің жазатындығына сену – уәжіп», – дейді. Іштей айтылған сөздердің жазылмайтынын айтқандар да бар. Бәйһаки, Шуаб Хузайфа ибн Ямамнан: «Сөздің жеті құлпы бар. Егер олардан сөз шықса міндетті түрде жазылады. Шықпаса жазылмайды. Бұлар жүрек, кішкентай тіл, тіл, екі жақ және екі ерін» 15, – деп риуаят етеді Бірде хазреті Суфиян ибн Уйайнадан бір адам келіп: «Егер адам жақсы амалға ниеттеніп, оны жасай алмаса, Кирамун Катибун періштелері не жазбақ?», – деп сұрағанда, Суфиян ибн Уйайна: «Адамның жақсылығы мен жамандығын жазатын періштелер ғайыпты білмейді. Бірақ, адам ізгі амалға ниеттенсе ол адамнан жұпар иіс шығатын көрінеді. Сол жұпар иісті сезетін періштелер ол адамның ізгі амалға ниеттенгенін біледі. Ал, теріс амалға ниет етсе, жағымсыз иіс шығады екен. Ізгі ниетті іске асырмаған күннің өзінде де періштелер сауап жазады. Ал, теріс, зиянкес іске ойы кетсе де оны жасамайынша күнә жазбайды. Бұл Аллаһтың бізге деген мейірімділігі», – деп жауап берген. Аллаһ тағала біздің қандай амал жасайтынымызды жақсы біле тұра, періштелерге осындай істерді міндеттеген. Осылайша, ертеңгі күні адам баласының жасаған әрбір әрекеті мен сөздерінің тіркелуі өзіне дәлел болмақ
0 дауыс
Жоқ сіздің періштеңіз кеткен жоқ. Керісінше 13 жастан кейін амалдарды дәптеріңізге жаза бастайды!! Ал 13 жасқа дейін күнәңіз жазылмайды—деп естігем.
...