Фетхуллаһ Гүлен 1938(кей деректерде 1941) жылы Эрзурумда (Түркия) Қорыжық ауылында дүниеге келген. Әкесі Рамиз Гүлен(Ramiz Gülen) имам, мемлекет қызметкері болып жұмыс істеген. 14 жасында алғашқы дәрісін бере бастаған. Анасы Рәфиға ханым балаларының тәрбие ісімен айналысты. Гүлен тек бастауыш мектепті тәмәмдаған. Төрт жасында Құран Кәрімді оқуды шешесінен үйренген ол он бір жасында қари атанады. Оның оқуға, үйренуге деген құлшынысы ұстаздарын таңғалдырған. 1957 жылы дін істері басқармасының сынынан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қызметке ауысады. 1957 жылы Амася, Тоқат, Сивас, 1959 жылы Едірне 1965 жылы Қырықларели қалаларында бас уағызшы болып жұмыс істейді. 1966 жылы Измирге қоныс аударып, сонда бас уағызшы болып жұмыс істейді. 1981 жылы денсаулығына байланысты уағызшылдық қызметінен босайды. 1989 бен 1992 жылдары қайта қызметке кіріскенмен, тағы да денсаулығы көтермей уағыз айтуды тоқтатады. Содан кейін Гүлен қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында алдымен Түркияда тұратын басқа ұлт өкілдерінің діни лидерлерімен диалог бастап, Ватиканда Папа Иоанн Павел ІІ-мен кездеседі. Бұл жүздесу Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен орын алды.
Гүлен 1994-1999 жылдар аралығында Түркияның беделді телеарналары мен газет-журналдарына көптеген сұхбаттар беріп, сол тұстағы Түркия президенттері Тұрғыт Өзал,Сүлеймен Демирел] және премьер-министрлері Тансу Чиллер, Бүлент Эжевит, Месүт Йылмаздың әлденеше рет қабылдауында болды. Ол атқарып жүрген рухани жұмыстарын мемлекеттің тиісті органдарымен ақылдасып, іске асыруды жөн санады. Ел пікірімен санасып отырды.
1999 жылы денсаулығына байланысты Америкаға барып, бірнеше рет жүрегіне операция жасатты. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Ұшақпен ұзақ ұшуға дәрігерлердің рұқсат бермеуінен өз Отанына келе алмай жүр.
Ф.Гүлен түріктің ислам тақырыбындағы мәселелерді философиялық негіздеуші теолог. Қазіргі таңда "гүленшілер" деген ол кісінің ізбасарлары жалғастыратын топ бар.
Веб-сайты: http://fgulen.com/
Толығырақ...