+7 дауыс
869 көрілді

Бүгін түнде сайтта өзгерістер болды, жалпы барлық қолданушылардың ұпайлары қысқарады. Бұдан қорықпаңыздар, бұл әкімшіліктің жаңа ұпай қосу тәртібін енгізуден болған ықшамдау. Бұл жерде ешкімге зиян келмейді, барлық қолданушылардан ұпай санына байланысты бірдей мөлшерде қысқарады.Сондықтан түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз. Ары қарайғы болатын өзгерістер жайлы, әрине жақсы жағына қарай, сайтты өркендету мақсатындағы жаңалықтарды, сайт әкімшілігі жуық арада өздеріңізге сайт бетінде хабарлайды.

Ағасы ілмек жазғанда соңынан нүкте қоймасаңыз болады.

10 жауап

+14 дауыс
 
Жақсы жауап

Сайтты кеше түнде жаңа хостингке ауыстырдым. Қазір байқап отырғанымдай сайт жүйелі түрде жақсы жұмыс жасап тұр. Кешкісін қолданушылар көп кіретін уақытта сайтқа түсіп жатқан ауыртпалықты бір тексеруден өткіземін. Бәрі ойдағыдай болса осылай қала береді.

Алл енді балл жүйесіне келсек.

Сұрақ және Жауап сайтында тіркелген әр қолданушының жеке бетінде жинаған баллы көрсетілген. Сайтта алғаш тіркелгенде автоматты түрде +50 балл қосылады. Әр қойылған сұрағыңызға +3 балл аласыз. Әр жауабыңызға +5 балл қосылады. Қолданушының сұрағыңа жоғары немесе төмен дауыс бергенге сізге балл қосылмайды.

Бағалау (Балл жүйесі)

- Сұрақ қойғанға: +3 балл

- Сіз өзіңіз қойған сұраққа жақсы жауап таңдасаңыз: 5 балл

- Жауап бергенге: 5 балл

- Сіздің жауабыңыздан кейін жақсы жауап болып белгіленсе: 10 балл

- Сіздің жауабыңызға жоғары/төмен дауыс: ± 1 балл

- Барлық қолданушыға бастапқы балл қосу: 50 балл

 

Түсініксіз жерлері болса осында пікір ретінде жазсаңыздар жауап берейін. Естеріңізге сала кетейін:

1. Балл яғни ұпайды ешкім алып, жеп қоя алмайды. Барлығы сайт жүйесімен іс-әрекеттеріңізге қарай өзгеріп отырады. 

2. Осы уақытқа дейін жиған балдарыңызды екінші қолданушыға берілмейді. Яғни менің балымды мына қолданушыға қоса сал түсінікгі жоқ.

p.s.

Сайтта қазіргі кезде аздап жарнама арқылы қаражат көзін тауып жатқан жайы бар. Тиісінше мен де сайтқа пайдалы мүмкіншіліктерді қосып, пайдалы жоба ретінде жасауға жол ашылуда. Егер мүмкіншілік болып жатса осы айдың ішінде екі мүмкіншілікті іске қосамын. Біршама уақыт бойы тексеруден  өткізіп, егер барлығы ойдағыдай болатын болса келесі жылдың ортасына қарай сайттың толық дизайнын өзгертпек ойдамын.

Бізбен бірге болыңыздар. Бірге Сұрақ-Жауап сайтына көпшілікке пайдалы сайт етіп, ақпарат іздеген адамға қол ұшымызды берейік.

Өзге де жақсы жоспарларым бар. Оны әзірге құпия ұстай тұрайын. Алдағы уақытта іске асырып хабарламаларды жариялап отыратын болмақпын.

Мен ЖЖ емес,ЖС дедім.(ЖС -Жақсы сұрақ)
Белгісіз
Менің пікірімді түсініп оқысаңыз болар еді.
Жако ағай, сіздің айтқандарыңызды түсініп отырмын. Сіз сапалы жауаптың ЖЖ болып таңдалғанын қалайсыз. Бірақ жауап саны 3-4 тен асқанда ғана ЖЖ таңдауға мүмкіндік болу керек дегеніңіз келіңкіремейтін сияқты. Неге десеңіз кейбір 'қиындау' сұрақтарға 1 жауаптың өзі әрең табылып жатады. Бірақ сол жалғыз жауаптың өзі жақсы жауапқа лайық болу мүмкін. Сұрақ қоюшыларды көп қыспақтай бермейік, оларда өз қойған сұрақтарына қалағанын ЖЖ таңдауға мүмкіндік болсын. Мысалы сіз таңдаған ЖЖ басқа біреуге жаман жауап болу мүмкін. Сондықтан ЖЖ деген түсінікті - сұрақ қоюшыға ұнаған жақсы жауап деп түсінсек жақсы болар еді. Бұл - менің ойым. Бір жерден қателесіп отырсам, пікір білдіріңіз.
Қарсылығым жоқ, ұпайды да қызғанып отырған жоқпын, бірақ көптеген қолданушылардың ұпай үшін оқымай ақ, болмаса уйкипедиядан (ал уйкипедияның 70 пайызы қате жауаптар) көшіре салған жауаптарды да ЖЖ деп таңдағанын көріп жүргеннен соң айтып отырмын. Тағы ойланып көрейікші өзі білмейтін нәрсесіне сұрақ қойып отырған адам қалай ЖЖ таңдайды, Ол ЖЖ-ны таңдауы үшін басқа сұрақтармен салыстырмаса қалай анықтайды?
   P.S. Егер сұрақ жауабы біреуақ болса онда таңдау мүмкіндігін Админге, немесе модтарға беру керек шығар,олай болмаса сол бір сұрақтың өзі қате болса, оны ЖЖ деп қойсақ сыртқа масқара болмаймыз ба? Менікі үй артында кісі бар дегендік қой.
Иә, шынымен де солай. Бірінші рет келген қолданушының сайтқа көзқарасы сол жауапқа байланысты қалыптасады.
Мүмкін модератор ЖЖ-ны сапасыз жауаптан алып тастағаннан соң, қолданушы кері ол жауапты белгілей алмайтын болса қалай болады?
Бұл мәселе дұрыстап зерттеуді талап етеді. Өзге де осындай беделді сайттардың тәжірибесін қарай отырып, бір шешімге келген дұрыс деп ойлаймын. Қалай ойлайсыз?
Мынаны да естеріңізден шығармасаңыздар екен. ЖЖ таңдалды делік, бірақ уақыт өте келе тағы да жауап алынып, ол жауап өте пайдалы жауап болса Жақсы жауап белгісін ауыстыруға болатындығын айтайын деген едім. :)
Гүлназ, Жақсы сұрақтарды жиі кездестіріп жатсаң, жұлдызшаны басып өз таңдаулың қосып қойсаң болады. балл балл деп кеткені несі?
+1 дауыс
Сол бал жағы болмаса өзгерісті байқағаным жоқ.
Менде бал жағын байқадым!!!
0 дауыс
Енді жауап бергеніме 5 балл аламын ба сонда!?
ия                                                         ..
–2 дауыс

Балл жағы өзгергенін байқадым.
 

Неге соншама минус?
иә неге минустап жатыр екен әә ?
Әй, адамдарай, осы бір жаман әдетті қоймадыңдар-ау...
Тек бір-бірінен озу ғо
Сенде минус қойдың ба
+1 дауыс

тақырыптан тыс бір ұсыныс админге: мысалы сайтқа кірген кезде барлық санаттагы сұрақтарды көріп астыңғы қатарларға түсе береміз. қайтадан жоғары көтерілу керек болады. Мой Мир-дегідей стрелка сияқты болса. 

Негізі бар еді... "Ctrl" батырмасы мен "+" батырмасын басқанда беттің размері кішірейеді. Сол кезде шығатын еді. Қазір алып тастаған-ау деймін...
+1 дауыс
Басе менде озгермегенгой десем..тек бал ма
Қолдагнушыларға өтіп баллдарға қарасаң түсінесің.
+3 дауыс
Қолданушылардың ұпайлары қысқарады депсіз, менікі керісінше көбейіп кеткен сияқты (көптен бері қарамап едім) Негізі ұпай санында еш шаруам жоқ, тек сайттың өзі жақсы жұмыс жасап тұрса болды
Е Мәкеее, елдің бәрі өзіңіздей болса ғой...
0 дауыс
Сайт іздеу жүйесінің астында екі пиктограмма пайда болыпты. Шамасы, ескертулер хабаршысы. Үстіне бассам, ашылмайды. Кім не біледі бұл туралы?
меніңше сол кнопканы басқанда мына жерге өтуі керек негізі. https://surak.baribar.kz/notifications
сол глобустың үстінде (7) деп тұр. Мына адресте де 7 уведомление тр. өзім осылай ойлап тұрмын. нақты білмедім.))
+1 дауыс
Көп көп рахмет ! Админ мырза рахмет !
+1 дауыс

Әй қалайсыңдар жамағат?! Сайтқа кірмегелі көп болды, біраз нәрсе өзгеріпті ! Сайт өте жақсы дамып келе жатыр, Ербол аға сізге мыңда бір алғыс! Маған ең қатты ұнағаны сурет қою болып отыр, оны әдейі хостқа салып сілтемесін қоюшы едік, енді сайтқа тікелей қою аламын!

какие люди)

Ұқсас сұрақтар

...