+4 дауыс
698 көрілді
Мына суреттегі адамның аты-жөні кім ?

Шынымды айтсам танымаймын!

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%B2,_%D0%9B%D0%B5%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B4_%D0%98%D0%BB%D1%8C%D0%B8%D1%87

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B5%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B4_%D0%98%D0%BB%D1%8C%D0%B8%D1%87_%D0%91%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%B2

Брежнев, Леонид Ильич

Брежнев Леонид Ильич (1907 ж. қаңтардың 1 (е.м. 1906 ж. желтоқсанның 19)[1] — 1982 ж. қарашаның 10) — 1964 ж. бастап КОКП ОК Бірінші хатшысы (1966 ж. бастап Бас хатшы) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (1960—64 жж. және 1977—82 жж. Төрт рет Кеңес Одағы ері, Социалистік еңбек ері. Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Курск жерге орналастыру-мелиорация техникумын (1927), Днепродзержинск металлургия ин-тын (1935) бітірген. 1931 жылдан СОКП мүшесі. 1947 ж. Днепропетровск облыстық партия комитетінің 1-хатшысы, 1950 жылы Молдавия КП ОК-нің 1-хатшысы болған. 1954 жылы ақпанда Қазақстан КП ОК-нің 2-, 1955 жылы тамызда 1-хатшысы болып сайланды. Қазақстанда отарлық тәртіптің нығаюына, қазақ халқының мәдениеті мен тілінің шеттетілуіне себепкер болған тың және тыңайған жерлерді игеру ісіне басшылық жасады. 1960—64 жылы КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасының төрағасы, СОКП ОК-нің 1-хатшысы (1964), Бас хатшысы (1966) болып сайланған. Брежнев басшылық еткен жылдары “Кеңес империясында кемелденген социалистік құрылыс жеңді” деген негізсіз ресми тұжырым жасалды. Осыған қарамастан КСРО экономикалық және саяси қайшылықтар мен тоқыраудан шыға алмады. Брежнев ішкі саясатта әкімшілдік-әміршілдік жүйені орнықтырды. Кадрларды іріктеуде және тағайындауда сыбайластыққа, парақорлыққа жол берілді. Ел ішінде армияның, қауіпсіздік органдары мен СОКП-ның бақылаулары үстем болды. 1968 жылы Кеңес Армиясы Чехословакияға, 1979 жылы Ауғанстанға басып кірді. Халықартардың қарым-қатынас мейлінше шиеленісіп кетті. Варшава шартындағы мемлекеттерге зымыран қару-жарақтарын орналастыру, әскери әлуетті күшейту жолындағы бәсекелестік елдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауына себеп болды. Брежневті мақтау, орынсыз мадақтау әрекеттеріне кеңінен жол ашылып, ол 220-дай кеңестік және шетелдік ордендермен, медальдермен марапатталды

+1 дауыс
Леонид Ильич Брежнев - КСРО басшысы. Оның кезеңінде КСРО жақсы дамып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі супердержава мәртебесіне ие болған.
0 дауыс
Л.И.Брежнев емеспе
...