+3 дауыс
708 көрілді
Кейде арматур, ұзын -ұзын ағаш, теректер т.б заттар артып бара жатқан жүк көліктерін көріп қаламын. Бір құрылыс компанияларға апара жатқан болар..не әкеле жатыр. Сол камаздар артып алған терек не армотурлардың аяғына, соңғы жағына да қызыл шүберек байлап қояды. Ол нені білдіреді?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер тиелген жүк борттан шығып тұрса, көзге көрінетін мата байланады. Бұл маңайында кетіп бара жатқан басқа автокөліктердің қауіпсіздігі үшін жасалады.
Мына жігіт бірінші жауап беріпті.   Жаңадан келген қолданушы ау. Барлық жауаптарға рахмет айтамын. Білмегенді біліп алдым
Маңайындағы емес,артында келе жатқан көлік үшін,себебі артынан тіке қарасаң борттан шығып тұрған материалдың қаншалықты ұзын екенін байқамай қаласын,тым жақын келіп қалсаңыз өте қауіпті,сондықтан арттағы көлікке ескерту ретінде белгі тағып қояды.
+2 дауыс
Ернар Бекенов дұрыс айтады. Бұндай жүктер арнайы жабдықталған көліктермен тасымалдануы керек, бірақ әртүрлі жағдайларға орай кез-келген көлікпен тасу да кездесіп жатады.  Осы жағдайлар кейде арт жағында келе жатқан көліктерге түрлі факторлардың (күнге шағылысу, жауын, жел, күңгірт ауа-райы т.с. с.) әсерінен байқамай қалу қаупін тудырады. Міне осындай кездерде ашық түсті қызыл маталар көзге тез шалынып, қауіптің алдын алуға септігі тиеді. Қызыл шүберек сол үшін ілінеді, жүргізушілер арасында бейресми атауы  " флажок обзора" - деп аталады.
+2 дауыс
Көркем қыз! Егер жүк көлігі кузовтан ұзын құрылыс материалдарын тиеп алса, жүктің ұшына қызыл шүберек, немесе қызыл пакет байлап қояды. Себебі, қызыл шүберек " осторожно, негабаритный груз" белгісімен парапар.
...