Мемлекеттік па, болмаса жекеменшік па еш айырмасы жоқ, Қазақстанның еңбек заңы екеуінде жұмыс берушінің бәріне бірдей ортақ, әрі оны орындауға міндеттеледі. Бірақ осы жерде жұмысқа кірушінің есте ұстайтын, талап ететін нәрселері, жұмыс берушімен арадағы келісімшарт(контракт), әрі сол келісімшартта екі тараптың міндеттері белгіленуі керек. Міне осындай жағдайда еңбек жарақаты, еңбек демалысы, ауруханалық парақша (больничный лист) т.с.с. даусыз шешіледі. Келісімшарт болмағанда қиынырақ болады, куәлар көрсетуіне жүгіну, болмаса жұмыс берушінің ар-ұят деңгейіне жүгіну сияқты болып кетеді.
Жалпы кез-келген жұмыс беруші жұмыс орнында жарақат алушының емделу,тұрмыстық шығындарын жұмысшының еңбекке жарамсыз уақытында көтеруге тырысады, артық шу кімге керек. Бірақ кейде біреулердің жел сөзіне ("түйесі жоғалмағанның бәрі ақылды"-дегендей, мұндайда ақылшы көбейеді) алданған талап етуші жақ шектен шыққан талаптар қою арқылы соңында өкініп қалып жатады.