+1 дауыс
648 көрілді
Мені мектептегі қарындасым (туған емес) менің жан досыма ғашық екен, оны маған айтты. Досыма айтсам ол көнбеді. Оның шын сүйгені "басқа қызға қырындап жүрсің" деп сөзіне сенбей, екеуінің арасында сенім болмау себепті ажырап кетті. Енді оның басқа қызбен жүрер ойы жоқ. Ал менің қарындасым  өлердей ғашық, ал досым басын ала қашады.

Мен қарындасымды көндіре алмадым бас тартуға, жігітті де көндіре алмаудамын. Мен қарындасымның жігіттің соңынан жүгіргеніне қарсымын. Басқа жігіт бұған сөз салса кез келген жерде қорғап қалып жүрген едім. Ал досымның жайы бір бөлек. Менің қарындасым да, досымның да мінездері қыңыр, бірбеткей, қалай екеуін табыстыра аламын?
досыңызбен қарындасыңыз бір-бірін жақсы көреді ме?әлде тек қарындасыңыз ғана ма?
Тек қарындасым сүйеді, ал досым керісінше.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
онда сіз араласпағаныңыз дұрыс..қазір досыңызға айта берсеңіз ол сіздің сөзіңізге иланып қалып..өз ойын ұғына алмай қалады..қарындасыңызбен жүріп..оны сүймесе бір күні айырылысып кетсе..сонда қарындасыңыз қиналады..сезімнен көңілі қалады..ал өзі  қиналып жүрген досыңыз мүлдем сезімнен суып кетеді..өзі қиналған досыңыз дәл қазір тыныштық қалайды..ол сезімге қайта оралады..бірақ оны өзі қаласын..екеуін қосамын деп жүріп бүлдіріп алсаңыз өзіңізді кейін кешірмейтін боласыз..егер екеуі бір-бірін жақсы көрсе жарастыруға ұмтылған дұрыс..бірақ досыңыздың жүрегіне ой салмаңыз..ол өзі шешеді...қарындасыңызға қазір қиын болсада осы жақсы..бір сәт орын алатын жай сезімнен гөрі жауапсыз махаббат жүрекке жара сала қоймайды..
+1 дауыс
Екеун звандап бир жерге шакыр. Биринши досына званда екеумиз кездесик де. Екинши карындасына званда да кездесеик деп айт. Бирак карындасынды досынды шакырган жерге шакр сойтип бир бирин табыстыра аласын.
+1 дауыс
өз араларында шешкен дұрыс. Бірін-бірі сүймесе, махаббатты ойыншыққа айналдырып қайтеміз?

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
Белгісіз 31.12.2012 Махаббат сұрақ қойды
0 дауыс
7 жауап
Асқар 17.12.2015 Жанұя сұрақ қойды
+1 дауыс
6 жауап
0 дауыс
1 жауап
...