Манхеттен қала ма әлде бір аудан?

0 дауыс
360 қаралым
Манхеттен қала ма әлде аудан..мәліметтер білесіздер ме?орналасқан жерін картадан таба алмай жатырмын...
Жалпы сұрақ

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Манхэттен - (ағылш. Manhattan), АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында оңтүстік-шығысындағы аудан және арал. Толық халық саны – 1,537,195 адам (2000). [1]. Манхэттен аралынан басқа Ист-Риверде шағын үш арал бар. МанхэттенГудзон өзенімен, Гарлем өзені, Ист-Ривер және Аппер-Бей шығанағымен шекаралас. Бұл жер телімін 1626 жылы П.Минуит Манхэттен үндіс-алгонкиндерден 60 гульденге сатып алған. 1653 жылы бұнда жаңа ауыл немесе Жаңа Амстердам салынды. 1664 жылы ол ағылшындардың қолына өтіп, атауы Нью-Йорк деп өзгертілді. 1898 жылы Манхэттен үлкен Нью-Йоркті құрайтын бес аудандардың бірі ретінде бөлінді. Манхэттен әлемдегі ірі қаржы, саудажәне мәдени орталық. Көптеген назар аударарлық орындар бар: Манхэттен Орталық Саябағы, Эмпайрстейт-Билдинг, БҰҰ-ның штаб-пәтері, Уолл-Стрит, Метрополитен Мұражайы, Заманауи Өнер Мұражайы, Линкольн атындағы Өнер Орталығы, Карнеги-Холл, Колумбия университеті, Джульярд мектебі және Нью-Йорк университеті.

Бүкіләлемдік сауда орталығының мұнарасы болған жер әлі сақтаулы. Жарылыс кезінде қаза болған адамдардың құрметіне үлкен жер астына ағатын фантан жасалды. Фантанның жан жағына қайтыс болған адамдың аттары жазылған.

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы