+7 дауыс
588 көрілді
Құрметті осы сайттың қолданушылары! Сіздерден үлкен өтініш,,сұраққа жауап бергенде сол жауаптың дұрыс екендігіне күмән болмаған кезде ғана жауап берулеріңізді өтінемін . Сайтты түкке керегі жоқ қоқыстармен ластамайық !Өсіресе виртуалды медициналық кеңес және дәрі дәрмек жөнінде. Егер осы салада қателіктер көріп жатсам, қатты сынға аламын,Себебі адам денсаулығы ойыншық емесАл дәрі дәрмекке қатысты айтарым, ешқандай дәрігер аурумен жеке кездесіп,науқасты егжей тегжей тексеруден өткіздбей виртуально дәрі дәрмек тағайындамайды,Бұл дәрігерлік этикаға жатпайды. Менің бұндай өтініш жасауымды мүмкін орынсыз деп ойлайтындар да бар,бірақ сайттағы кателікті түзеу бәріміздің ортақ міндетіміз. Сайт қолданушылары мені дұрыс түсінеді деген үміттемін.
Өте тамаша ескерту, 100 пайыз қосыламын.
Қолдағаныңызға көп рахмет айтамын !
Өте жақсы айтасыз. Сізге қосыламын, денсаулық, психология тақырыбында мамандардық нақтылап жауап жазғаны дұрыс. Осы мақсатта жұмыс істейтін боламын.
Мен үшін сайтқа заң, психология, денсаулық секілді өзекті тақырыптарға жауап бере алатын маман өкілдерін жинастыру осы күнгі өзекті тақырыпта. Алдағы уақытта шешіліп қалар деген үміт.
Сіздің жауаптарыңызға тәнтімін...
Халық емін айта берсек қалай болады?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Ескертпеңізге рахмет!

Осындай денсаулыққа қатысты сұрақтарға жауапты ғаламтордан көшіріп алатын едім... Оның нақты дұрыс екендігіне көзім жетпей жаза беретінмін. Ал енді алдағы уақытта мұндай сұрақтарға жауапты сіздермен (дәрігер, мамандар) ақылдасып, білмегенімді сұрап жауап беріп, сұрайтын боламын.

Өз басым айтқаныңызға толық қосыламын. Басқа қолданушыларда мүлде қарсы емес деп ойлаймын...

+1 дауыс
Дұрыс ескерту. Аурулар туралы сұрақтарға байланысты айтарым, бұл жерде толық дәрігерлік курс тағайындап жатқан ешкім жоқ.
Я, ондай әзірше болып жатқан жоқ, бірақ кейбірі "ана дәрі көмектесед і", "мына дәріні пайдаланып көрсең болады" дегендер кезігіп жатыр.Бұл сайтта көбіне жас балар отырады, сеніп қалуы мүмкін және дәрі дәрмекті кез келген дәріханадан рецепсіз алуға болады. Бұл сөздер ешкімге зиян тимесін деген ниетпен айтылған.
Жақсы, дұрыс ескерттіңіз, кәсіби мамандар жауабы болғаны өте тамаша болар еді әрине, бірақ пенде емеспіз бе кейде білгішсініп кетеміз. Оған кешірім сұраймын.
+2 дауыс
Дұрыс ескерттіңіз, сол сияқты сұрақтарды жалпы қоюдың қажеті жоқ, білімді дәрігерлер көбісі үлкен кісілер,яғни аға-апаларымыз,олар сұрақ жауап сайтында отырмайды.. ал қазіргі кезде білім алып жатқан болашақ дәрігерлерден көмек сұрау, қайдам, ондай білімді аз шығар ( бәрі бірдей емес, білімсіздер көп)
+2 дауыс
Мысалы, бір дәрі арқылы өзің сол аурудан(сұрақ қойып отырған адамның ауруынан) айыққан болсаң, сол дәріні пайдалануға кеңес беруге бола ма?
біұрын менің  танысымда гаймориттен емделіп жүргенде бір ыңғайсыз жағдай болды. Кім гаймориттен лорға барып емделді білуі тиіс  ,көбіне олардың мұрын қуысын диоксидин деген сұйық дәрімен жуады .Көбісі мақтайды жақсы көмектеседі деп,бірақ менің танысым сонымен мұрнын жуған кезде аллергия болып өле жаздады. Сондықтан біреуге көмектескен дәрі , бірдей диагноз болса да  біреуге  кері  әсер беруі мүмкін. Сондықтан тек дәрігердің айтқанын орындаған дұрыс.
иа, бірақ солай
0 дауыс

Осындай адамдар айтпаса, басқа кім айтар еді?! Ескертпеңізге рахмет!

...