Спам қойған менмін.Себебі, мына еммен ешкімінің емделгенін қаламаймын. Сыздауық деген ол іріңді жара,оны емдеудің еңбасты қағидасы, іріңнен тазарту. ОЛ үшін сыздауық шыққан жерге ихтиол немесе вишневский маьздарының біреуін мол етіп жағып, орап таңып қою керек бұлардың.иісі өте жағымсыз болғандықтан ,көп адамдар бұл мазьдармен емделгенді ұнатпайды. Сондықтан бұның орнына, алоэ жапырағын немесе,каланхоэ жапырақтарын сыздауықтың үстіне басып таңып қоюға болады.Аузы шығып ірің көрінген кезде хирургке барса, таза стерилдіенген хирургиялық құралдармен іріңнен тазартып жуып таңып береді. Егер сыздауықтың әсерінен дененің ыстығы көтеріліп және без ісініп жатса яғни лимфоузель үлкейіп жатса, онда тезірек дәрігерге жүгіру керек,бұл қауіпті.Сыздауық қайтақайталап шыға беретін болса, онда ондай адамдар стрептококк немесе стафилококк микробтарының иесі болуы мүмкін, бұны орысша "бактерионосительство" дейді.Осындай микробтарға тексеріліп көру керек. Егер стафилакокк табылса, онда стафилкокк анатоксинымен еедеу қажет болады.Бұндай жағдайда қанның УФО сын (Ультрафиолетовое облучение крови) жасатқан дұрыс. Бұрын ертеректе осындай науқастарға аутогемотерапия ( венадан қан алып ,оны тез ұйымай тұрғанда жамбас бұлшық етіне жіберу тәсілі ) жасап жататын ,және нәтижесі өте жақсы болтын. Соңғы кезде осыны өз практикасында қолданып жүрген дәрігерді естімеппін. Тағы бір ескере кететін нәрсе сыздауық ,шиқандар қант диабетімен ауыратын адамдарға қайта- қайта шығады.