0 дауыс
4.6k көрілді
Неге Ақтау облысы басқа облыстардан 1 сағатқа қалық?
қалық деген не сөз!?
http://szd.kz/!!SS*E
Басқа не деп жазам
аррта қалып қойған деген сияқты ғой КЕШ деген сөз ғо!
Ақтау деген облыс емес қо! Қала емес па?
Бұрын екі сағатқа қалық еді, жайлап жақындап келе жатыр ғой)))))))
Белгісіз

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жалпы жер жары 24 сағаттық белдеуге бөлінеді. Қазақстан 2 сағаттық белдеу, яғни IV,V сағаттық белдеулерде жатыр.Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары IV белдеуде, ал қалған облыстар V белдеуге жатқызылған. Бұлардың барлығы «облыстарда жұмыстарды жеңілдету, еліміздің бірыңғай энергожүйесінің жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету, телеқатынас жүйелерінің ішкі және сыртқы көлік жүк тасымалының үйлесімділігі үшін» жасалған.

+1 дауыс

Сағат белдеуіне байланыстығо. Пәленбай килoметр сайын қалалар арасында уақыттан айырмашылық болады. Жалғыз Ақтау емес, Орал, Ақтөбе, Атырау және т.б. қалалар да Астана, Алматы қалаларының уақытынан 1 сағат қалық.

+1 дауыс

Қазақстан Республикасында 14 облыс барын, әр азамат жатқа білуі керек деген түсінік ендігі қайталануы ұят болар.

Олар: Ақмола · Ақтөбе · Алматы · Атырау · Батыс Қазақстан · Жамбыл · Қарағанды · 

Қостанай · Қызылорда · Маңғыстау · Оңтүстік Қазақстан · Павлодар ·

Солтүстік Қазақстан · Шығыс Қазақстан

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысына қарасты мекен.

БҚО түгелімен, Атырау, Ақтөбе облыстары Шығыс Европа континентіне кіреді. Қателеспесем, Қазақстанның 14 проценті Европа континентінде.

Қосымша: ҚР екі мегаполис бар, олар: Астана, Алматы қалалары. Сондықтан, Астана Ақмола облысында болса да, орталығы - Көкшетау қаласы, Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласы. Жақын уақытта үшінші мегаполис - Шымкент қаласы деп күтілуде.

Өздеріңіз білесіздер, Еуропа сағат белдеуі күн батысқа қарай жылжып, Күншығыс елдерінен қалып жүреді.

Қазақстан Республикасында екі сағаттық белдеу бар: GMT +6 (Астана) және GMT +5 (Ақтау, Ақтөбе, Атырау). Айырмашылықтары - 1 сағат.

Кейде +6 сағаттық белдеуін Қызылорда, Алматы дейді. Неге деген сұрақ туындаған адамдарға, жауап былай:

1. 1920 ж қазақтың елордасы - Орынбор қаласы болғаны белгілі.

2. 1925 жылы қазақтың екінші астанасы - Ақмешіт (Қызылорда) болып өзгереді.

3. 1929-1997 ж аралығында астанамыз әйгілі Алматы қаласы болғанын білесіздер.

4. Қазіргі жаңа астанамыз, 1997 ж 10 желтоқсанда қазақ президентінің бастамасымен, Ақмола қаласына берілді.

 

Міне, Орынбор Ресей территориясында қалып қойғандықтан, Қызылорда бірінші орынға шығып тұр.

 

Қосымша уақыт белдеуі туралы оқуға ұсыныс жасаймын.

+1 дауыс
Ол Күнге байланысты. Мысалы Америка, Еуропа сағаттары біздікімен бірдей емес. Себебі: бізде сағат түскі 13:00 болғанда Күн тура төбеде тұрады. Ал оларда Күн басқа жерде тұруы мүмкін немесе Күн көкке көтерілмеген болуы мүмкін. Сондықтан әр жерге тән сағат белдеуі болады.

Біз жақта (Қызылорда) азанда Күн сағат 8-де шығатын болса, батыс жақта 9-дарда шығады. Бірақ ол уақытта батыстың сағаты 8-ді көрсетіп тұрады.
0 дауыс
біріншіден Ақтау облысы емес Маңғыстау облысы, екіншіден қалық деген сөз жоқ қазақта, ушіншіден бұл сағаттық белдеулерді оқы қайтадан деген сөз
0 дауыс
Не деген болмайтын,арзан сұрақ,бұны білмейтін адамды ,білмеймін енді,не істеуге болатынын......
...