0 дауыс
1.6k көрілді
Бүгін психологиялық тест бойынша холерик тобына жатады екенмін...Олардың мінездерінде жақсы және қандай жаман жақтар бар?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
бұндай тесттерге сенудің қажеті жоқ. Өмірде таза холерик,,таза сангвинник,таза флегматик,таза меланхолик деген кездеспейді Тек кейбір темперамент белгілерінің кейбіреуі басым болуы мүмкін...
+1 дауыс
Холерик - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады. Айта кетейін холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады. Ақпарат көзі массагет кз сайты)) Мынаны да оқи кетіңіз http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BA
Холерик хирургтан,холерик ұшқыштан құдай сақтасын! Холерик адам қандай дипломат болады,еш нәрсенің байыбына бармай ,бірден соғыс ашып жіберетін шығар!(mm)
:D массагенттегі ақпарат ))
+2 дауыс
Холерик тобындағы адам тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Өте жақсы жауап,психологсың ба?
жоға қайдағы психолог
онда  мәләдессің!
осы екеуінің біреуісің дейсің ғо)
...