+1 дауыс
8.2k көрілді
Көріпкелдікке сенесіз бе? Адам бойында мұндай қасиет болуы мүмкін бе?

9 жауап

+12 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине орынды сұрақ, бірақ білгенің абзалырақ болар...Егер мұсылман болып, Алланың (т.ғ.) барына, тек Ол ғана Ұлы екеніне, барлық нәрсенің Оған ғана тән екеніне және Мұхаммед (с.ғ.с) Оның елшісі екеніне күәлік беретін болсаң, онда Құран кәрімді оқы, хадистерді оқы. Онда мынадай сөздер кездеседі - "барлық болашақта болатын нәрсе тек Аллахқа (т.ғ.) ғана аян, Ол тек "бол!!!" десе ғана болады " - дейді. Яғни, көріпкелдік - өтірік нәрсе, оған қоса бұл көріпкелге сену деген - Раббымызға серік қосу, ал бұл - өте күнәнің үлкені. Көріпкелдік жасайтындардың демеушісі (қарапайым тілде айтқанда) - шайтан. Шайтан өз кезегінде сол іс-әрекеттердің болуына ықпал жасап, көріпкел адамға табынуға немесе әулие тұттыруға көмектеседі. Міне осыдан бастап, адам баласында адасушылықтар пайда бола бастайды. Көріпкелдер - қазіргі тілмен айтқанда - аферисттер мен мошенниктер (Аллах (т.ғ.) олардың жүректеріне имандық берсін). Менің білгенімше қысқаша түсінігім осы. Ал қате кетсем -  Аллах (т.ғ.) мені кешірсін.
жаксы жауап=)))
Белгісіз
ЖЖ ғо! Бұл жауап өте керемет. Нақты жауап. Меннен +1
Жауап +  100000000000000000000000000000000 -ге лайық )))
–1 дауыс
Бір таныс адам бар,сол жастайынан көп қиыншылық көрді,яғни өзі жас кезінен көп нәрсені дұрыс істемеу салдарынан болды,соған қарағанда жас кезінде көп қателік жасап,қиыншылықты өте көп көргендер осындай болатын секілді,ал қазір ол үлкейді,арқасы бар адам екен,кейде айтқандары дәл келіп жатады,оның айтуынша,мен ақша алмаймын,тек кей адамдарды көргенде сол жайында алда болатын сөздер ауызымнан қалай шыққанын білмей қаламын дейді.Бірақ,айтайын дегенім,бір адам бүкіл өміріңді дәл болжай алмайды,сенудің қажеті жоқ,өзіме сенсем болды,бәрі жақсы болады деймін;
жаксы мысал)
Белгісіз
–1 дауыс
Бұрында сенбейтінмін, қазір сенем. Орыстардың битва экстрасенсов атты бағдарламасын көрген соң көріпкелдік қасиеті бар адамдардың көп екеніне көзім жетті.
тусиникти рахмет)
Белгісіз
–1 дауыс
Корипкел балгерлерге сенуге болмайды ол Аллага серик коскандык дейди ол рас,Корипкелдер омирде адасып журген адамдар дейди.Бирак олар калай сонда барин биледи?Кейде шынымен солардын дегени болып жатады.Оз басым ондай адамдардын алдына барган емеспин.Бирак тусинбейтиним  олардын бундай алдын ала билулери не нарсе касиет па алде баскама?
адамдардын омірі бір біріне уксас келеді дейді: кулайды, сурінеді, котеріледі деген сиякты. сондыктан олар бір адамга айтканын барине айтады. негизи коршилерим барган болатын. менин анам да барган еди сол кисилердин айтуымен екеуине де бир нарсе айтты. менин ойымша нагыз козбояушылык
ммм                                                        .
Олар жындармен, яғни шайтандармен байланыс жасайды. Жындар бір-бірінің үстіне мініп 1-ші көкке көтеріледі. Ол көкте періштелер жанағы адам жайлы айтып жатады. Және оны естіген жындар бір-біріне жеткізеді. Ең соңғысына келем дегенші өтіріктер араласып, айтқан сөздерінің 1-2-еуі рас келеді. Ол сөздерді көріпкелдің құлағына сыбырлайды. Ал көріпкелдер құлағыма ата-бабам сыбырлап жатыр деп өтірік алдайды. Жындар көріпкел, балгерлерге қызымет қылса. Ал көріпкел, балгерлер олар үшін құрбан шалады. Міне бар шындық осы.
+4 дауыс
Олар жындармен, яғни шайтандармен байланыс жасайды. Жындар бір-бірінің үстіне мініп 1-ші көкке көтеріледі. Ол көкте періштелер жанағы адам жайлы айтып жатады. Және оны естіген жындар бір-біріне жеткізеді. Ең соңғысына келем дегенші өтіріктер араласып, айтқан сөздерінің 1-2-еуі рас келеді. Ол сөздерді көріпкелдің құлағына сыбырлайды. Ал көріпкелдер құлағыма ата-бабам сыбырлап жатыр деп өтірік алдайды. Жындар көріпкел, балгерлерге қызымет қылса. Ал көріпкел, балгерлер олар үшін құрбан шалады. Міне бар шындық осы.
0 дауыс
Біріншіден,ол мұсылман адамға үлкен күна болып саналады.Екіншіден, көріпкел адам сіздің болашағыңызды қайдан біліп отырады деген сұрақ  қалыс қалмайды.Ал менің жауабым ол тек қана шайтанмен байланыс жасайды.Ал ибилис болса аспаннан 1 шындықты ұрлап көріпкелге жеткізеді.Қалған өтірікті өзі қосады.Бұған ислам дінінде толық дәлелдер бар.
0 дауыс
Не сенерімді сенбесімді білмеймін.Кейбір кездерде айтқаны дәл келеді
0 дауыс
Біздің үйде береке қашып күнде ұрыс болып кеткен соң мама емші шақырған болатын. Ол келді дұғаларын оқып, бізді тексерді. Бар ауруымды айтып берді. Дұп дұрыс келді. Бауырларымдыкынде көрді.сосын тамақ ішейн деп жатканда. Бізбен әңгімелесіп отырды . Сосын бауырларым кімді жақсы көретінін айтып. Меніңде кімді жақсы көретінімді айтып берді. Шынымен тапты.менің өскенде  қандай мамандық иесі болатынымды айтты. Мұғалім болады екенмін. Бірақ мен мұғалім болғым келмейді.сосын қайтарда көршілеріміз қандай адамдар екенін айтты. Көршілеріміз жаман екен. Әрине кепілдік жоқ. Мұны қайдан білесіз десем,  сенің қасыңда атаң отыр сол маған айтып тұр мен сендерге жеткізіп тұрмын деді. Яғни әруақтарды көріп тұрмын, бірақ сендер оларды көре алмайсыңдар деді. Бұл қасиет сізде қайдан дегенмін? Мен жас кезімде өте жаман алқаш болғанмын. Сонда маған Алла мен саған көріпкелдік беремін сен осы қасиет арқылы адамдарды емдейсіңде сауап алып жақсы нәрсе жаса деп сиға тартты -деп айтты.сонда бұл кісіге кқріпкеллікті Алла силаған екен.Бірақ сенгім келмейді. Аллахтың қахарына ұшырағым келмейді. Әркімге болашағын білу қызыққой. Менде от басып болашағымды болжатып алдым. Аллахтан шын ниетіммен кешірім сұраймын
0 дауыс
Негізі өз басым сенемін және адам бойында бұндай қасиет бар дегенге де келісемін себебі (мақтанғандығым емес) өз бойымда сондай қасиет болғандығы үшін. Ұйықтап жатып түсімде болашақты көремін және өмірде сол  түсімде көрген сәттерімді көрсем лезде сол түсім есіме түседі. Қазіргі заманда адамдар балгер, емшілерге сенбейді оларды шайтанның еліктеушілері дейді, алайда ол олай емес бұл қасиет атадан балаға таралатын қасиет бір балаға берілмесе де ол екіншісіне берілуі мүмкін. Көбінесе емшілік қасиет арқасы бар адамдарда болады. Арқасы бар адамдар түзу, таза жолмен жүруі керек дейді таза жүрсең Алла саған өмірдің бақыты мен байлығын сыйлайды дейді ал, егер ондай болмаған жағдайда шайтанның алдауына ұшырап өмірің бақытсыздыққа ұшырап ауру сырқатпен жүресің дейді.
...