+1 дауыс
3.4k көрілді
Көзілдірікті кім ойлап тапқан? Қай уақытта? Алғашқыда қандай түрде болған? Не мақсатта пайдаланған?

Нақты әрі толық жауап күтемін...

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Көзілдірікті ең алғаш ойлап тапқан, ол араб ғалымы - Ибн аль-Хайсам (Альгазен).

0 дауыс
Көзілдіріктің қай уақытта пайда болғандағы жөнінде нақты дерек жоқ. Ол тарих беттерінде түрлі болып кездеседі. Мәселен, ежелгі Грекияда адамдар дөңес және ойыс айналардың ерекшеліктерін байқаған. Сондай-ақ көзілдіріктің күннен қорғауға, оқуға, ұсақ нәрсені ұлғайтып көруге айналған түрлерінің өзіне тән тарихы бар. Ең алғашқы көзді күннен қорғайтын көзілдіріктің Қиыр Солтүстік пен Азияның, сонымен қатар Американың ежелгі тұрғындары ойлап тауыпты. Оларды жануарлардың сүйегінен жасаған екен. Ал, Қытай жерінде ежелде күңгірт көзілдірік (бүгінде күннен қорғайтын қара көзілдіріктердің арғы атасы) пайда болған. Мұндай көзілдірікті Қытайда сот үкімін оқитындар киіпті. Бұл жаза алушылар мен куәгерлер сот үкімін оқитындардың көзінен олардың ішкі жан-дүниесін танып қоймау үшін қажет болған екен.

Ұсақ әріптерді немесе таңбаларды жақындатып, ұлғайтып оқу үшін алғашында бір ғана көзге арналған оптикалық құралдар пайдаланылған. Ал оқуға арналған алғашқы көзілдіріктің пайда болған жері – Италия деп есептелінеді. Себебі, ХІІІ ғасырда венециялық шыны үрлеушілер алғаш рет көзілдірік жасауға арналған түссіз, жұқа және мөлдір шыныларды ойлап тапты. ХІҮ ғасырдың басында Еуропада көзілдірік туралы деректер кеңінен тарала бастады. Көзілдірік қымбат «ойыншық» болып саналды, ешнәрсеге қарамастан, көзілдірік жоғары сапалы шынылардан жасалды. Ол атадан балаға бағалы бұйым ретінде мұра болып қалып отырған. Сол заманда көзілдірікті қажеттілік үшін емес, өздерінің мәртебесін көтеру мақсатында қолданған. Жақыннан және алыстан көруге арналған көзілдіріктер ХҮІ ғасырда пайда болған. Осы уақытта көзілдіріктің сыртқы көрінісі мен пішініне де өзгерістер енгізілді. Күңгірт көзілдіріктерді ойлап тапқан Қытай еліне көз кемістігіне арналған көзілдіріктер араб және парсысаудагерлері арқылы жетіпті.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...