Асқазанды хирургиялық жолмен алып тастау гастрэктомия ,ал асқазанның бір бөлігін алып тастау асқазаннның резекциясы деп аталады. Бірінші жағдай қатерлі ісік асқазанды түгелдей қамтығанда,амалсыздан жасалатын операция. Ал екінші жағдай асқазанның ойық жарасынан жиі қан кетуде немесе, асқазандағы ойық жара тесілгенде сол жараныны кесіп алып тастап, асқазанды құрап қайта тігеді.Мына ағайдың басындағы жағдайды ,шамасы асқазанында көлемі улкен қатерлі ісік болған деп ойлап отырмын. Менің логикам бойынша,асқазанды алып тастаған соң өңешті онекі елі ішекке жалғауы керек, сондықтан ол кісі тек қана сүйық тамақтар ішуі тиіс ,онда да өте аз порциямен және жиі жиі. Егер көп ішетін болса, онда аш ішекте перитальтика (ішетің жиырылуы) жиілеп ішілген ас қайта өңешке түсіп (рефлюкс) өңеш қабынуы мүмкін. Адам анатомиясына қарасаңдар өздерің түсінесіңдер ,онекі елі ішек аш ішекке жалғасады ,ал онекі елі ішекке ұйқы безінің ферменттері, және өт құйылады. Рефлюкс болғанда осы ферменттер өңешті қатты қабындыруы мұмкін Енді ағайға қатаң диета сақтап тек дәрігердің айтқаныымен жүргені дұрыс. Оның қанша өмір сүретінін кесіп айту қиын , егер басқа органдарға метастаздар кетпесе ,бар өмірі алда. Алла ұзақ ғұмыр берсін!,