0 дауыс
30.9k көрілді
Өзіміз кішігірім дастархан жасап атап өтпекшіміз. Маған досым туған күніне тамада боласың дейді ьастан аяғына дейін. Сұрағым. Қалай көңілді өткізсем болады. Тамада болмасамда кишкене кабілетім бар. Бірақ бұны ерекше болғанын қалаймн. Не айтасыздар. Қандай ойындар ұсынасыздар. әзілдер, дана сөздер, өлеңдер, мақалдар дегендей. Ойларыңызды сала отырсаңыздар. Бір апта уақытым бар. 16на болады.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т.б. аңдарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.
      Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.
      Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!

Бір досым: «Осы мен адамдарға түсінбеймін: әр жылы туған күнін тойлайды, сонда олар бір жылға қартайғанына қуанады ма екен?» деп еді.
      Бүгінгі туған күн иесіне қарап отырып, сол досымның жаңсақ пікір айтқанына тағы да көзім жетіп отыр.
Әр жылы туған күнін тойлауға жеткен адам – бақытты. Адам әр жаңа жылға жеткеніне қалай қуанса, туған күнінде де дәл солай қуануы керек.
      Әр жастың өзіне тән бақыты, қуанышы, игілігі, ерекше сыйы болады. Сондай игіліктерге аман-есен жеткеніне неге қуанбасқа!
      Қарапайым ғана мысал: біз бала күнімізде туған күнімізді достарымызбен, сыныптастарымызбен бірге тойлап өткізсек, есейе келе қуанышқа ортақтасатын қадірлі жандарымыздың қатары молая түсті.
       Міне, бүгінгі туған күн кешінде қонақтардың арасында жаңа таныстар, жаңа туыстар пайда болғанының куәсі болып отырмыз. Бұл дегеніміз  – туған күн иесінің өмірінде былтырғы туған  күнінен  бері қарай біршама жаңалықтар болғанын, араласатын ортасы кеңейгенін, тілеулес жандарының қатары артқанын байқаймыз. Мұндайдың өзі бір ғанибет емес пе!

Өмір көркі – жастық шақ,
Жайна, құлпыр, жалын ат.
Тілеймін саған үш тілек:
Өмір,
Бақыт,
Махаббат.

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін!

12
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.

Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады.
Біздің арамыздағы осы тірек мықты болсын!!!

"Дос егіз, дұшпан сегіз" дегендей, керісінше, достарың көп, дұшпаның аз болсын!!!

"Дәмді болса - достық қымбат, Мәнді болса - жастық қымбат" деген тамаш мақала бар. Сол сияқты достығымыз мәнді, жастығымыз мәнді болып өтсін!!!
+1 дауыс
вечер жаса, мені де шақыруды ұмытпа)))) осылай)
Қалай менің ойыма келмеген?!
Белгісіз
+2 дауыс
Тұған күнге жиналғандар арасында қызықты бір ойын өткіз. Жеңілген адамға Тапсырмалар болсын, билеу и тағы басқа қызықты тапсырмалар. Көпшіліктің талабын орындамайтын адам жоқ, қызық болады. Тағыда басқа идея қосатындар табылар. Жақсы өткізіп алуларыңа тілектеспін!
0 дауыс
Орманда тал егиледи келеси тос кезеги менин руксатыммеен <.........>бериледи!!!
0 дауыс
Қыздардың ерніне жататын помада
Бүгінгі кеште мен тамада деп  бастауға болады . Кызыкты ойындар ойнат . Билең дер ,  əн айтыңдар
...