Аскербек, сен үшін дәулет деген не?
Егер дәулет деп ақша байлығын айтсаң халықта асып-тасып бара жатқан ақша жоқ, инвестиция дегенді қолданбаған, бірақ дымсыз да отырған жоқ. Қазақстан шикізатқа бай, ол болмаса... қиын болар еді.
Ал егер қаржыға байланыссыз болса, Ия біз дәулеттіміз, ұлттығымыз бойымызға ұялаған, парасатсыз емес қазақ елі, тіліміз де бай, тек қолдана алмаймыз. Бойында адами қасиеттері бар, сондықтан болар қазақбайшылық ерекшелік деген бар. Біздің елде тырыссаң, сен ойлағандай дәулетті болуға да болады. Мүмкіншілік бар, көп... Тек қана көпшілік отандастарымыз секілді артқа қарап емес, алдыға қарап өмір сүру керек...)))
Барлығының жағдайын түзеймін десең, өзіңнің жағдайыңды дұрыстап ал деген сияқты ғой... қазақта сосын тағы бір жақсы сөз бар, "Шүкірміз". Ол жақсымыз дегенді білдіреді.
ПЫСЫ: Меніңше, Жаратушы барлығын үйлестіріп қойған. Егер қытайда осы қазба байлық болғанда, әлем мүмкін басқаша болар ма еді...)))