Жоқ әрине, біз өзбектің салтын мүлдем ұстанбаймыз, таза қазақпыз десем артық айтпаспын. Керісінше, қазақтың байырғы салт-дәстүрлерін Оңтүстіктегілер жақсы ұстанады. Өкінішке орай, басқа облыстар орыстанып кетуде, ал осы Оңтүстік аймақ нағыз қазақтықты сақтауда. Жоғарыдағы жауаптардың бірінде Сарыағаштың тілі өзбекшеге жақын дегенді оқып қалдым, сол жауаптың иесі өзі Сарыағашқа келіп көрген бе? Мына мен Сарыағаштықпын, менің жауабымнан бір өзбекше сөз байқадыңдар ма?! Мұндай сұрақ қойғандарың дұрыс емес, бөлінгенді бөрі де жемейді, ойланыңдар. Оңтүстікті көре алмайтындар көп екен..