Жігіттерге кеңес: галстук пен жейде
Көпшілік серілеріміз галстук таңдауда қателіктерге ұрынып жатады. Біріміз жейдені таңдай алмасақ, екіншіміз шалбарды ауыстырып аламыз... Ендеше, үйлесімді үйренгіңіз келсе бізбен бірге болыңыз!
Үйлесімнің ең басты қағидасы:жейде әрдайым галстуктан ашық түсті болуы керек. Осы қағиданы ұстанатын болсаңыз гардеробыңыз қашанда үйлесімді болады. Таңдауыңыз бен талғамыңызға сенімсіз болғанда осы ережені еске алсаңыз ұтылмайсыз.
Жолақты жейде күңгірт(темный) түсті әрі жолақты галстукпен тура келеді. Осы кезде аяғыңызда қара түсті шалбар немесе джинсы болса, келбетіңіз онан сайын арта түспекші.
Егер гардеробыңызда жолақ түсті матадан тігілген галстук жоқ болса, дереу дүкенге асығыңыз. Себебі, мұндай галстуктарды сіз жиі киетін ашық түсті жейделер мен қаралау келген джинсылар талап етеді.
Мына суретке қарап, үйлесімнің дұрыс емес екендігін айтуыңыз мүмкін. Саспаңыз, бәрі жақсы. Бұл галстукты сұр костюммен және күңгір түсті блейзермен кие аласыз.
Тор суретті галстуктарды нағыз хит деуге болады. Сондықтан да, бұл боз-сұр түсті жейдемен үйлеседі. Асылында, мұндай көйлектермен бір ғана емес, алуан түрлі галстуктарды тағуға болады.
Жағаның аяқ жағы дөңгелек келетін жейделер көпшілікке ұнай бермейді. Осы сынды көйлектерді таңдауда батыл қадамдарға барыңыз. Оған қанық жолақтар түскен галстукты қоссаңыз тіптен жақсы.
Әдемі, сәнді галстуктар тор суретті жейделермен жарасады. Сіз бұл киіммен сымбатты әрі тап-тұйнақтай болып көрінесіз.
Түрлі түсті көйлектерді де көпшілік серілеріміз ұната бермейді. Десе де, ашық түсті таңдасаңыз күңгірт классикалық галстукпен дос болыңыз. Осы киіммен қаралау келген классикалық костюмді кисеңіз сізден асқан талғампаз жан болмайды.
Майда бұршақтар түскен галстук тор көйлектермен үйлесім табады. Бұл таңдау сізді стильді етіп көрсетеді. Егер де сіз осы гардеробқа қара қошқыл костюмді қоссаңыз жақсы комплименттер ести аласыз.
Түймесі салынбаған жейделер, бос тағылған галстук, күңгірт түсті джинсы сіздің демалысыңыздың стилін жасайды. Сіз өзіңізді еркін әрі сенімді сезінетін боласыз.
Жалпы галстук байлаудың түрлері өте көп.... Мына суретте ең танымал түрлері берілген.
P.S. Ақпарат massaget.kz пен ғаламтордан алынды))