Қазақша күрестің әдістері Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақша күрес ережелерін түсіндіре отырып, әдіс - айла тәсілдерін үйрету 2. Тәрбиелік: Қарсыласын сыйлау, адамгершілік қасиетін тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Күрес тәсілдерін дамыту, жетілдіру. Күтілетін нәтижесі: Оқушылар күрес тәсілі ережесін үйренеді, ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттырады. Өткізілетін күні: ________________ Сынып: - сынып Өткізілетін орны: Спорт зал Уақыты: 45 мин Уақыты: 45 минут Өтетін орны: Дене шынықтыру залы. Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы. Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау С/ методикалық жабдықталуы: Ысқырық, күрес киімі, төсеніш (маты, матырас) Сабақтың жобасы: I. Дайындық бөлімі: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Жүру, жүгіру жаттығулары 3. Арнайы жаттығулар орындау. II. Негізгі бөлім: 1. Техникалық қауіпсіздендіру жаттығулары. 2. Күрес әдісін үйрету. 3. Қайталау жаттығулары. III. Қорытынды бөлімі: 1. Бағалау 2. Үйге тапсырма.