Сәлеметсіз бе! Сізді іштей өте жақсы түсініп тұрмын, себебі ол нәрсе өзімнің де басымнан өтіп жатыр. Бұрын қарым-қатынаста болмай тұрып дәл осы кісілердей пікірде болатынмын, «сыйлық, ақша үшін ғана жүреді ме сонда» деп. Бірақ, мәселе мүлде ақшада емес, мәселе көңілде. Бізге 7 ай болды, бірақ 7 айдың ішінде 3 рет қана сыйлық берді, оның өзі мерекелерде. Менің айтпағым, жігіттердің айына жылына 1 келетін мерекеде көңіл бөлгендері емес, күнделікті өмірде көңіл бөлгендері маңызды. Бір келетін мерекеде олай шашылып ақшасын құртпай ақ қойса да ризамын, ол сыйлыққа қарап қалғаным жоқ. Туылған күніңде, 8-наурызда сыйлықты онсыз да аласың, туған-туыс, дос-жаран, басқа да адамдардан. Ал әшейін кезде жігітіңнен жай ғана бір кішкентай шоколад болса да күтесің. Тым болмаса айына бір рет обедіңе, болмаса ужиныңа деп ақша салып жіберсе қуанып қаласың, действительно сезінесің жігітің бар екенін, оның қамқорлығы сезіледі. Просто ол жігітім емес, как будто көлеңкем сияқты. Одан аспандағы айды сұрап жатқаным жоқ, оның үстіне бірнеше айдан бері қиын жағдайда жүрмін, соны біле тұра бір көмегі тимеді. Сөзбен қолдап жатқандар онсыз да жетеді, бірақ жігітіңнен әрекет күтесің, но жай бір танысым сияқты. Ол да намёк түсінбейді, қалай тікесінен айтасың оған қыз басыңмен, ол да ыңғайсыз, өзінің санасында болмаса. Жақсы көрмейді деп те айта алмаймын, но и в то же время осындай қылық жасайды. Әйтпесе, ақыл тоқтатқан, 50-дің жартысына келген жігіт қой, жұмысы бар, неужели айына бір рет 3000-4000 теңгесін қия алмайды үйленетін қызына деген сұрақ еріксіз келеді басыма, себебі өзімнің барлық мәселемді тек өзім шешемін, ал оныкі құр бос сөзбен қолдау. Екі ойлы болып жүрмін…