+1 дауыс
2.2k көрілді
Әжем қасқырды бөрі дейді. Аң -құстардың бірнеше атаулары болған ау. Қазір айтыла бермейтін. Естіген , есте қалған атауларын айта отырыңыздар. Түлкі, жылан, аю, барыс, т.б

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қасқыр - бөрі, шошқа - доңыз, маймыл - мешін, тюлень - малман, сиыр - ірі қара, жылқы - қара, қой - жандық, тырна - құтан, балапан - шөже, қораз - әтеш.
Тамаша, тюленьді түлен деп атайтынын естіп едім, малман атауын бірінші естіп отырмын, біле жүретін болдым.
+1 дауыс

Ертедегі  қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал болғандықтан ең үлкен қауіп күтетін аңдарының бірі қасқыр болған. Сондықтан атын тікелей атасаң қырсық шалады, жамандық шақырады деген түсінікпен малға шабатын аңдардың атын тура атамай жанамалап атаған. Мысалы мал қасқыр шабудан аман ба дегенді , "Мал ит-құс тиюден аман ба?"- дегендей мағанада. Сол сияқты "шошқа" жиренішті, арам болғандықтан атын тікелей атамай "доңыз"-деумен шектелген.

қасқыр-құмқапқыр,ит-құс,ұлыма
+1 дауыс
Жыланды түйме деп атау керек дейтінбіз кішкентай кезде. Кішкентай кезімізде жылан тез өліп қалу үшін түйме, түйме түйіліп қал деп айту керек деп жататын :) .
...