Алда келе жатқан мереке көп! Қандай мереке болмасын, сыйлықтарсыз соның ішінде гүлсіз өтпейтіні ол анық! Гүл баршамызға да ұнайды, көңілімізді жадыратып, қуанышқа бөлейді. Бірақ уақытша ғана... Ғұмыры қысқа... Мерекелік күндері қаламызда мыңдаған гүл шоқтары сатылады. Ал ертеңіне екі-үш күн бұрын дүкендерде мені сатып ал дегендей бой түзеп, жайқалып тұрған әдемі гүлдерді қоқыс жәшігінен көреміз! Мұның бәрі барып тұрған шығын емеспе? Қалай ойлайсыз, оның орнына түбектегі гүл сыйласа, есте қалады, ұзақ сақталады, әрі ерекше сыйлық болады, жақсы емеспе? Әлде жігіттер көшеде түбектегі гүл көтеріп жүрүге ұялама?