+2 дауыс
2.4k көрілді
Ең ұзақ уақытқа созылған шахмат ойыны қандай? Қай кезде болды? Кімдер ойнаған? Толық жауап күтемін.
расында қызық сұрақ))

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Гарри Каспаров: "Шахмат өмірдің үлгісі сияқты" 23.04.2012 | 0 пікір Бұл кітапта Гарри Каспаров оқырмандарға шахматтық ойындарда ғана емес, күнделікті өмірде де басымдылықтарды тудырудың таңғажайып құпияларын ашады. Каспаров Гарри Кимович(13.4.1963 жылы туған, Әзербайжан, Баку қаласы) – шахматшы, шахматтан дүние жүзінің 13-ші чемпионы, жастар арасындағы дүние жүзінің чемпионы (1980), халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (1980), еңбек сіңірген спорт шебері (1985), 1982, 1983, 1985, 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1991 жылдардағы шахматтан Оскар жүлдесінің иегері, гроссмейстерлер қауымдастығының президенті (1986 жылдан). [1] Шеберлігі және сүйкімділігі, қызықты да, пайдалы тарихты бастан кешіргендігі ғана емес, шахматтық мансабындағы шешуші кездеріне, белгілі саясаткерлер мен бизнесмендердің тәжірибесіне сүйене келе, автор қиын жағдайлардың өзінде қалай жеңіске жету, бақталастарыңызға қалай тойтарыс беру, қатты бәсекелестік жағдайында қалай табысқа жету керектігін түсіндіреді. Сабақ Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау Ричард Бах Әлем чемпионынан алған жеке сабағым.1984 жылы Гарри Каспаровтың шахмат белесіне көтерілген кезі еді. Осы жылы ол Анатолий Карповпен, яғни сол кездегі әлем чемпионымен чемпион атағына бақталастыққа түседі. Гарри ойынды барлаусыз бастап, қандай да болсын жолмен жетекшілікті алуға тырысады, міне, осы жерде ол үлкен стратегиялық қателік жібереді. Бірінші тоғыз партияның төртеуінен ұтылады, біреуін де жеңбей (қараңыздар: екі жылда үш-ақ жеңіліс, мына жерде қатарынан төртеу). Әлемдік деңгейдегі бәсекелестікті түсінбегеннен шыққан қорытынды. Тарихта қалған ең ұзақ шахматтық партия, яғни бес айға созылды. Қатарынан жиырма екі партия бір-бірін жеңе алмады. 27-ші партияда Каспаров ұтылды, есеп 0:5. 32 және 47, 48-ші партияларды Каспаров жеңіске жетті. 1985 жылы 15 ақпанда Халықаралық Шахмат Федерациясының президенті Флоренсио Кампоманес «нәтижесіз» ойынды тоқтату жөнінде жарлық шығарды, Карпов оған өз келісімін беріп, чемпион атағын ұстап қалды. Осы матч барысында Каспаров баға жетпес тәжірибе алды: бес ай барысында, оның жеке тренері әлем чемпионі Карпов болды! Гарри оның стилінің қыр-сырларын ғана зерттеп қоймай, өзінің де стилінің ерекшеліктерін терең түсінетін болды. Қатесін дәл тауып, оны ойын барысында қайтадан жібермеуге, өзінің ой-пікірін басқаруға, шешім қабылдаудың үдерісін бақылауда ұстауды үйренді. Оның ары қарай әлем чемпионы болуына, Карпов үлкен септігін тигізді. Дарынды болу, тынбай еңбектену, түнге дейін жұмыс істеу жеткіліксіз. Шешім қабылдау кезінде қандай әдісті пайдаланатының маңызды. Мектеп Арман болған мақсаттарымды ойлағанда, - дейді Каспаров, - он жасар бала кезімде Ботвинник мектебіне қабылданғанымды еске түсіремін. Ботвинниктің даналығы – ол ешқашан өзінің беделімен бізді көлеңкелемейтін, өзінің стилін бізге зорлап міндеттемейтін, керісінше, бізге өзіміздің қабілетімізді дамытуға барлық жағынан көмектесетін. Ол шахматтарды күнделікті өмірде шешетін мәселелерге теңеген. Шахмат адамдардың қалай ойлайтынын көрсетеді дегенді де айтқан кісі. Барлық шахматшылар ескі партияларды шет тілдерінің сөздерін жаттағандағыдай жаттайды. Бірақ шығармашылық бастаманы бастау үшін бұл сөздік қорды қолданысқа әкелу керек. Ботвинник мектебінде, Каспаров шахматтарды зерттеуді, жаңа идеяларды табуды және олардың жетілуі үшін әр кез еңбектенуді үйренді. Адамдар және шахмат Шахмат – ол менің өмірім. Өзімді көрсете алатын, толыққанды өмірімнің әлемі. Михаиль Таль Шахматшының кейпі мен шахмат бедел-бейнесі арасындағы контрастті табу қиын. Ойын ежелден зияткерлік қызмет болып табылады. Ал ойыншы – ынтамен, тіпті аутизммен шектесетін үндемес. Шахматты тек «ойын» деп айту мазақ емес пе? Алайда, ол өнер, не ғылым емес; екеуінің арасындағы орташа нәрсе. Шахматшылар қиялға ере алатын, сонымен қатар композиторлар, ақындар, математиктерден табандылығы және дәлдіктің шеберлігі кем түспейтін, ерекше дарынды адамдар. Шахматтық дарын, шынымен, бар. Оны тек өзімізден табу керекпіз
Спорт, өнер, ғылым?
Эмануил Ласкер айтқандай:«Бірінші кезекте шахмат – ол күрес». Кез-келген ойынның анықтамасы, қарсыласты жеңу емес пе?
Ғылыми аспектісіне келетін болсақ, өткен ғасырдың ортасында шахматтық компьютерлер пайда болғанда, көптеген ғалымдар темір құбыжықтары ет пен терден жасалған шахматшыларды ойсырата жеңеді деп ойлаған. Алайда, жарты ғасыр өтсе де, машина және адамзат арасында шайқастар орын алуда.
Шахмат ойыны барысында қате шешім қабылдасаңыз, жағдайыңыз нашарлайды, керісінше, дер кезінде дұрыс қадам жасасаңыз, жеңіске жете аласыз. Қаржы нарығы және күрес алаңы, спецификалық ерекшеліктеріне қарамастан, анықтамалары ұқсас. Салыстырмалы талдау әдістері бағалайтындай, мұнда да табысқа жету сіз қабылдаған сапалы шешімге байланысты.
Мықты менеджерді, мықты саясаткерді, мықты шахматшыны не ерекшелейді? Әрине, іс-әрекеттің тиімділігі! Ол үшін өзіңіздің дағдыларыңызды әр кез жетілдіріп, дарыныңызды дамытып, сынақтардан қорықпай, кедергілерді жеңе білу керек.
Дойбы үлкен бе, шахмат үлкен бе?
Әдетте «дойбы деген шахматтың інісі» деген түсінік бар. Расымен солай ма? Осының тарихына бойлап көрелік.
Ғылымда ұзақ уақыт бойы «шахмат бұрын пайда болды» деген пікір болғаны рас. Шынында шахмат туралы алғашқы деректер көне парсының 590-628 жылдары хатқа түскен Қарнамақ атты қолжазба еңбектерінде бар. Шах — парсыша хан, ел билеуші деген сөз. Осы сөзді негізге алып парсылар «бұл ойында ойлап тапқан біздер» десе, Үндістан ғалымдары біздің заманымызға дейінгі Ганга жағалауын жайлаған елдерде кең тараған Чатуранга (4 жасақ) атты ойынды көлденең тартады.
Сондықтан шахматтың алғаш қай жерде пайда болғаны туралы кесіп пікір айту қиын.
Ал шахмат бойынша тұңғыш әлем чемпионы кім болды деген сауалға жауап дайын. Бұл жарыс 1886 жылдан бастап өткізілді. Әлем чемпионы деген атақты ең ұзақ ұстаған (26 жыл 337 күн) Эммануил Ласкер (1868-1944) деген неміс.
Ал дойбы туралы айтсақ, ол әлбетте шахматтан көп бұрын пайда болған. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңыншы жылдықта Египет жерінде бұл ойын кең тараған. Бүгінгі жүйеге түсіріп, ойын тәртібін ойластырған испандық Антонио Торквемада (1547) деген кісі.
Бір қарағанда дойбы — өте қарапайым ойын. Бірақ оның да ұзаққа созылатын кездері бар. Мысалы, 1977 жылы М.Тинсли деген американдық пен Д.Олдэбери деген ағылшын бір партияны 7 сағат 32 минут ойнаған. Ал мұның есесіне 1977 жылы Алан Бекерсон өз қарсыласын 3 минутта жеңіп, ойынды тәмамдаған
Белгісіз
1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады.Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Оның тарихына үңілсек, мереке ойда жоқта пайда болған екен. Әлемдік шахмат федерациясы қалай да шахматты спорт деңгейіне көтеру үшін ойынға тиесілі күнді белгілеген көрінеді.
Ойынның аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» - «билеуші өлді»деген мағынаны білдіреді. Бұл танымал ойынның отаны –Үндістан.Шахматтың прототипі чатуранга деген үндістандықтар ойнайтын ойын болған. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бұл күнде ғалымдар адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін дәлелдеген.Бұл ұлы ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.
Белгісіз
Орысшасы да бар:
Самая длинная партия: 269 ходов
В лидирующей десятке звёздочкой * помечены партии, где известны не все ходы.
Партия "Пильник - Черняк", много лет была в "Книге рекордов Гиннеса". Теперь она вышла из верхней десятки, потому что до 1992 года существовало правило, по которому эндшпиль "ладья и слон против ладьи" мог играться 100 ходов без взятий и пешечных движений. Шесть партий из дестяки самых длинных закончились этим эндшпилем, и среди них - рекордная.
После введения универсального правила 50-ти ходовпартия "Николич - Арсович" в 269 ходовстала непобиваемым рекордом. Партия "Степак - Машиан" удерживает два других рекорда: самой долгой по времени игры вообще и самой долгой по времени результативной игры. Особый рекорд принадлежит международному гроссмейстеру Чепаринову, который сыграл 155 и 150 ходов в партиях против Стефановой и Онищука соответственно на турнире "Корус-В".
17 февраля 1989 г. в Белграде состоялась самая длительная в мире шахматная партия – И. Николич и Г. Арсович сделали 269 ходов.
Самая длинная за всю историю шахмат партия, когда действовал не столь жесткий контроль времени, состоялась 17 февраля 1989 года на турнире в Белграде. Местные шахматисты Иван Николич и Горан Арсович прежде чем все-таки прийти к мировому соглашению, сделали 269 ходов. На это у них ушло 20 часов 15 минут, естественно, с перерывом. Николич с ладьей и слоном никак не мог разобраться с ладьей противника
Белгісіз
...