Ай күннен сұрап жүрегім жылап табынады деген әнді кім айтады, тауып бересіздер ма?

+1 дауыс
3.3k қаралым

Ай күннен сұрап жүрегім жылап табынады деген әнді кім айтады, тауып бересіздер ма?

• Санаты: Қазақша ән

3 жауап

+1 дауыс
Ернар Айдар айтады.  Іздеп көрейн тапсам сілтеме тастап кетем.
Белгісіз
0 дауыс
Белгісіз
0 дауыс

Жас әнші Ернар Айдардың әні. "Өкпелемеңіз"

Онлайн тыңдауға, басып алуға мына бетке өтіңіз. Орыс қарпімен терілген әннің сөзін көргіңіз келсе мұнда өтіңіз.

 

Кездесіп едік Көктөбеде біз, 
Ерніңнен балдай төгіліп лебіз.
Оянбасын деп ғашықтық дерті 
Көрінбей кеттім, өкпелемеңіз.
 

Қ-сы:
Ай Күннен сұрап, жүрегім жылап қамығады,
Көктем гүлдерді өткен күндерді сағынады.
"Екеуміз мәңгі бір болсақ" деп армандаған күнді аңсап,
Жүрегім мұңнан моншақ тағынады.
Таулар да тағдырға бағынады.

Өткен күндердің бәрі де елес,
Сен үшін кеттім мен асып белес.
Кешірші, жаным, өмірде мынау,
Ғашықтарды ешкім түсінген емес.

 

Қ-сы:
Ай Күннен сұрап, жүрегім жылап қамығады,
Көктем гүлдерді өткен күндерді сағынады.
"Екеуміз мәңгі бір болсақ" деп армандаған күнді аңсап,
Жүрегім мұңнан моншақ тағынады.
Таулар да тағдырға бағынады.

 

Ернар Айдар жақсы әнші, әр әні өзінше бөлек әлем, өзінше хит. "Өкпелемеңіз" әні де қызға арналған наз ретінде айтылатын қарапайым сазды әуендердің бірі, саған сонысымен ұнайды.

Ұқсас сұрақтар

127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы