+1 дауыс
881 көрілді
Сотталмағаным туралы яғни сотты болмағаным туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

3 жауап

+1 дауыс
Жұмысқа орналасқан кезде талап етілген, сотталмағаны жөнінде анықтаманы тұрғылықты ауданда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) ала аласыз. Жеке төл құжатыңызбен барсаңыз болғаны. Анықтама 10 күн ішінде дайын болады
Қазір ХҚК(ЦОН) орталықтарында терминалдар бар, барасыңда ала бересің.
ЦОН-ға бармай интернет арқылы алуға болмай ма?
+1 дауыс

Egov.kz сайтынан алуға болатын шығар. Байқап көріңіз. 

Түсінбесеңіз қоңырау шалып білуіңізге болады: 8-800-080-7777

+1 дауыс
Egov.kz сайтынан ала саласыз және оны алу үшін, сізде сертификат (ЭЦП) болу керек. ЭЦП-ны pki.gov.kz сайтынан тапсырыс жасап, ЦОН-нан барып алып кетесіз. Ол сертификат 1 жылға жарайды, 1 жыл аяқталуға жақын қалғанда, создырып қоюға болады, жаңасын алмай-ақ.

Толығырақ: 1414 нөміріне қоңырау шалып анықтап аларсыз.
...