+6 дауыс
499 көрілді
СЖ сайтының қолданушылары. Сұрақ қояр алдында сайтқа кішкентайлардың да кіретінін ескеріңіздерші. Ұл балалар жас қыздардың кіретінін естен шығармаса екен. Кейбір сұрақтарды оқып отырып сондай ыңғайсыздандым. Әрине әркім өз қалауымен сұрақ қояды. Алайда тереңірек ойлап жазсаңыздар деп едім. Әр қойылған сұрақ, әр жауап, әр пікір... Тым болмағанда он адам болса, соның біреуіне әсер етуі мүмкін !
Мынау не сұмдық, сұрақ өте дұрыс қойылған, өзекті. Қолдаудың орнына кейбір пысықайлар мысқылдап,минустап шатпақтапты. Сендерді байқамайды деп ойлайсыңдар-ау осы, орынсыз өңдеу,пысықсу,минустау,спамдау деген сыпайылап айтқанда ұят болады,сайтты былықтырмаңдар.
Барлық СЖ қолданушылары! Акоси өз жазбаларындағы көп нүктелерінің өшпегенін қалайды. Осы көп нүктелерді жөндемей-ақ қоялық? Бәрің де естідіңдер ғой? Кім қандай пікірде?

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Акоси, сұрақ-өтінішіңіз өте орынды. Қазір сайтта бір атын атап айтпай-ақ қояйын бір нашар топ пайда болды, өздерін - өздері мақтап, плүстеп, басқалардың дұрыс жазылғанын өңдеген сымақ қылып, пікірлерді минүстеу,спам белгілеу сияқтылармен айналысып жүр. Осы сіз айтқан көк тиындық құны жоқ, сасық сұрақтарды да қоятын солар. Өздерінше қулық асырдық деп ойлағанымен, олар елдің көз алдында екендерін сезбейді-ау деймін. Сайт құрылғалы бері ондай псықайлардың талайы келіп, талайы кеткен. Бұлар да сондай желөкпе топ, өздері ақ сыртқа шығып қалады олар, мән бермеңіз. Онша мән бермей өзіңіздің тартымды сұрақтарыңызды қойып, тұщымды жауаптарыңызды жаза беріңіз.

+3 дауыс
Өте орынды айттыңыз, сізді қос қолдап қолдаймын. Әлгінде бір сұрақтар тіпті ұят екен.
+3 дауыс
Дұрыс айтасың, мен сенiмен келiсемiн. Менде сенің осы айтканыңды ескеремiн.
+3 дауыс
сенімен келісемін негізі сайтта маңызды сұрақтар қою керек
+1 дауыс
Ұлы сөзде ұят жоқ деген. Сұраған дұрыс. Ішке жасырған,ешкімнен сұрауға батылы бармаған соң қойылатын болар ондай сұрақтар
арине...әркім ойында жүргенін қоятыны рас-ақ...алайда сол ұлы сөзде ұят жоқ деп...талай жанға әсері тиіп жатыр...бәлкім байқамассыз...мұнда ақ-қараны ажырата алмаған жастар да кіріп жатады....олар оқып отырып...оларға әсер етері бар.....менің айтқаным,бәлкім,орынсыз болар...алайда ол шындық қой...сайт сапасыз болып бара жатыр....қазір көпшілік бал алғысы келетіндей...сұраққа жауап емес...
Сізге әрине қосыламын. Қазақ баласы ұйяң халықпыз. Кейде ұяңдықтың да зияны келіп,іштей тынып жататынымыз да өтірік емес. Сол себептен білгісі келген,ұялатын сұрақты тікелей болмаса да,астарлы түрде қойса болатын шығар деген ойдамын. Ал болмайтын,ақылға сыймайтын сұрақтар мен жауаптарға  мен де қарсымын
Акоси, көп нүктемен жазғанды ұнататының рас екен:D
ия..күлмеңіз..расыменде маған ұнайды..кейін мен осыған үйреніп қалыппын...білемін бұл қате шығар..алайда....
Қате екені рас.Көп нүкте қойылатын арнайы жерлер де болады . Тыныс белгілерін қойып отырудың өзі қазақ тілінің арнайы үлкен саласы.Көп нүкте ойдың аяқталмағанын білдіреді. Сонда сіз әр ойыңыздың аяғын жұтып қоя беретін,ойын толық жеткізе алмайтын  адам болғаныңыз ба???
жоқ аға,олай емес.Пунктуацияны өте жақсы білемін.Дұрыс айтасыз барлық нәрсенің басы болғандай соңы да болады.Біз жазған ойлар мен сөйлемдердің де.Енді өзіме қатысты кішкене сырды ашсам.Мен бұл сайтқа қиналып жүрген кезде байқаусыз тіркелдім.Өзім ғажап дүниеге енгенімді алғашында білген жоқпын.Бір күні бір нүкте қойып,бәрін аяқтап жаныма мұңды серік етіп алдым.Ал бұл сайтта ешнәрсенің соңына жетіп қалуын қаламадым.Бәрі мен үміт еткен күйде жалғаса берсе еді.Тек осы сайтта ғана көп нүктелер қолданамын.Қолданған кезде сіздерге байқалмас жақсы сезім бойымда пайда болады.Басқалар секілді бақытты болуды аңсаған жаным көп нүктелерге соншалық байланып қалып тым болмаса мен үшін осы қысқа ғана бақыт аяқталмаса екен деген ойға қалды.Себебі,мен үшін бәрінің аяқталған сөйлемдер сияқты соңы болды.Аға,алғаш рет СЖ сайтында көп нүктелер қолданбай отырмын.Мен үшін СЖ-ғажап дүние.Егер сол нүктелері,өз жүрегіме еніп алған ой қате болса,мен одан да бас тарттым.
Жарайды, оны қате есебінде санамай-ақ қой. Ендігәрі көп нүктемен жаза бер, ешкім оны қате деп есептемейді.
Көп нүкте қою ... жаныңызға біз сезбеген сезім сыйласа ... әрине жалғастыра беріңіз... Сәттілік... )))
:)рахмет....
0 дауыс
Достар, неге минустап жатсыңдар?! Дұрыс айтып отыр ғой,  қолданушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан дисфемизм сөздерді қолданарда, өздеріңіздің жеке проблемалырыңыз бен "қатынастарыңыз" туралы айтқанда ойланыңыздар. )
:D......................
))))))))))))))))))))))))))))))
–1 дауыс

Орынды  келісемін.

...