0 дауыс
53.9k көрілді
Менин жасым 17 де. Енді 18-ге толамын. Ұят та болса айтайын дегеним көптен бері конилимде бир сурак бар еди?! Ұлдардың көбісі өздерінің жыныстарының көлемін ұлғайту үшін қолдарымен уқалайды және одан кейін ұрық шыңарады. Бұл денсаулыққа зиянба? Бұл күнә бола ма?
Сперманың өздігінен ағуы неліктен ? Кіші  дəреттен кейін өздігінен кетіп калады. Жауап жазыңыздар

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жауап кәмелеттік жасқа толғандарға арналған:

Мастурбация, онанизм дегеніміз – ұрықты жыныстық қатынас жолынан басқа жолмен шығару. Бұл ауру емес,көбіне жыныстық қабілеті дамып жетіліп келе жатқанда,жасөспіремдерде кездесетін әдеттің бірі. Онанизм деп аталуы ежелде өткен жағдайға байланысты аталып кеткен деседі.Ертеде Онан деген жігіттің ағасы қайтыс болыпты.Оны әмеңгерлік жолмен жеңгесіне үйленуге мәжбүрлеген.Содан ол әйелмен жақындасуға бет алмай , жатар алдын өзінің жыныстық құмарлығын басу мақсатында осындай жолды қолданғаннан.Кейіннен Онанизм деп аталып кеткен екен .

Мұны кейде «жасырын әдет» деп те атайды. Себебі белгілі, көбіне-көп бұл іс сырт көзден таса, жасырын, жалғыз қалғанда, жыныстық мүшені үйкеліске түсіру арқылы жасалады. «Бел суытудың» бұл әдісіне бой үйретіп алудан мүлде аулақ болу керек. Негізінен жаман әдетке оп-оңай үйреніп алғандар кейіннен одан құтыла алмай, әлек болатыны – шындық.
Еркектің жыныс мүшесінің басы аса сезімтал болып келеді. Қосылу кезінде ол ұрық безіне белгі беріп, нәтижесінде белгілі мөлшердегі ұрық шығып, еркектің қуық асты безінен (простата) шығатын сұйықтықпен араласады. Ал осы сұйықтықтың шығуымен құмарлық басылып, тынышталады. Егер адам жыныс мүшесімен ойнай берсе, үрпісінің терісі қалыңдап, сезімталдығы бәсеңдейді және қуық асты безінің (простата) сұйығымен араласпаған ұрық пайда болады. Ал бұл – құмарлықты басатын сұйықтық. Егер ұрық бұл сұйықтықпен араласпаса, құмарлықтың басылуы уақытша ғана болады. Сосын ол қатта қозады. Нәтижесінде бұл адам екінші, үшінші, тіпті одан да көп шығаруға мәжбүр болады.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде жер бетіндегі әйелдер мен ерлердің 95% жуығы мастурбациямен айналысады екен.
Мастурбация кезінде денені зақымдап алу қаупі бар. Тым көп күш түсіру мен басқа заттарды абайсыз қолданғаннан жарақат (ерлерде – жыныс мүшесі «сынады», әйелдерде – жыныс мүше шырышының бүлінуі) болады.

Мастурбацияның зиянды жақтары:
1. Мастурбация кезінде адам ыңғайсыз кейіпте (поза) болады да, алдағы уақытта сол «үйреншікті» кейіпте ғана тояттауға (оргазм алу) үйреніп қалады.
2. Жыныс мүшелеріне түсетін күш жыныстық қатынаста түсетін күшке қарағанда әлдеқайда көп болғандықтан, қатынасқа түсетін серігіңізден ләззат алу қиындап, суый түсуіңіз мүмкін.
3. Мастурбация жыныстық қатынаспен салыстырсақ, өте тез болады. Сондықтан жүйке тамырлары мен қан тамырлары дұрыс жұмыс істемейді.

4.Кейде ерлерде жыныс мүшесі басының сезімталдығы артуынан тез жіберіп қоюы байқалады

5. Қыз балаларда қыздық пердеге зақым келуі мүмкін

Мастурбацияның пайдасы:
Мастурбацияны жиі жасаушыларда жұбайының (жарының) көзіне шөп салу, простатит ауруымен ауыру тәуекелдігі аз болатынын, сонымен қатар мастурбация – вагинит сияқты аурулармен күресу жолы бола алатынын мамандар растап отыр.
0 дауыс
Бұндай әдетпен әлемнін 95 % айналысады.Ол жай уакытша жасырын адет сен өзің коптен бері айналысасынба жасырын әдетпен??
0 дауыс
Жалпы ұрық ағызу күнəма
0 дауыс
Драшын бабаға көп сыйына берме денсаулығыңа зиян )) Күнəға жатпайтын шығар.
0 дауыс
Ютубқа жазып көріңіз. Мастурбация ислам қазақша деп
...