Пианино мен фортепиано екеуі екі түрлі нәрсе емес. Фортепиано - италиян тілінде forte — қатты, piano — ақырын деген сөз. Яғни, фортепиано мен пианино деп бөлу дұрыс емес. Пианиноға ұқсайтын аспап ол - Рояль. Рояль мен пианиноны салыстыруға болады. Ал, фортепиано — рояль мен пианино аспабтарының жалпы атауы.
Ал, пианино мен рояльдың айырмашылықтарына келетін болсақ:
1. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты
2. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы. Ал Рояль концерттерде көп қолданылады.
3. Пианиноның жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Рояльдың дыбысы қатты және анық естілу үшін үстіндегі қақпағы ашық қойылады.
Дегенмен ойнау техникасы екеуінде бірдей.
Баянның гармоннан айырмашылығы кнопкаларында болуы керек. Гармонның оң жақ кнопкасы 2 қатарлы, әрі кетсе 3 қатарлы болады, ал баянда 3 немесе 5 қатарлы болады. Ал сол жақ кнопкалары болса баянға қарағанда гармондікі аздау. Сосын гармонь баянға қарағанда кішілеу болады (меніңше).