Менеджер айтқандай қара тізім жоқ. Бірақ несие төлемегеніңіз Кредиттік бюроның мәліметтер базасына енеді. Келесі жолы несие ала алмайсыз, алған күннің өзінде банктің сенімі аз болып, сізге жоғары өсім белгілеуі мүмкін. Бастапқыда банктер борышын қайтара алмағандар туралы деректерді өз базасында ғана сақтайтын. Алайда қарызгерлер бір банктен алған несиесін төлемей, келесі банктен де қарыз алып кете берген соң, жеті банк бірлесіп, Кредиттік бюроны құрды. Қазір барлық банктер ай сайын төлемді кешіктірген клиенттер туралы ақпаратты осы орталыққа аударып отырады. 2004 жылы күшіне енген «Кредиттік бюро туралы» заңға сәйкес, қарызгердің несие хикаяты соңғы мәлімет түскеннен бастап 10 жыл сақталады.