Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев көрегендікпен «Адамзаттың Абайы» деп артына аманат етіп
қалдырған ұлағаттары әлем халықтарына ортақ екендігін баса айтқан болатын.
«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай», - деп ХХ ғасыр басында Міржақып Дулатұлы өте көрегендікпен Абайға шын бағасын беріп кеткен. Абай – ғаламдық тұлға. Өйткені, Абай ойына үңіліп, сҽл толғана бастасаң өмірлік жаңалық ашасың. Ғұлама ойшылдың мұралары 165 жыл өтсе де бүгінгі күні саф алтындай жарқырап, өз өміршеңдігін көрсетіп отыр. Тағы да Міржақыптың: «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар, «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...», -деуі бүгінгі таңда нағыз шындыққа айналып отыр.
Толық керек болса. http://yadi.sk/d/thQKAvgXC54va