Ағылшын "Daily Mail" газетінде орын алған 2 беттік зерттеу жұмыстары хабарында Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (WHO) микротолқынды пеш, радио телефон, теледидар секілді электрлі жиһаздар үйде "электромагниттік радияция" тарататынын және бұл жағдай аллергияға жол ашуымен қатар түрлі аурулардың жайылу қауібін тудыратынын мәлімдеді.
Тостер, микротолқынды пеш, электр пеші, кір жуатын машина, кофеқайнатқыш, тоңазытқыш, шаңсорғыш, үтік, фен, электрұстара, теледидар, компьютер, радио телефон, лампа, радио, магнитофон, ұялы телефон, ыдыс жуатын машина, DVD... секілді электрлік жиһаздардан жайылатын толқындар электромагниттік өріс туғызады. Бұл ми талшықтарының зиян шегуіне және тозуына себеп болады. Электрлі жиһаздармен көп уақыт өткізген жағдайда туындайтын бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналу, таңдайдың құрғауы, ұмытшақтық, тез ашуланушылық секілді өзгерістер ол адамның электрлі жиһаздарға алергиясы бар екендігінің ең негізгі белгілері.
Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы электрлі жиһаздарды қолдану ережесін дайындап шығарды. Бұлардың қысқаша мазмұны мыналар:
Теледидарды ең аз 180см ұзақтан көру керек. Компьютердің де теледидардың да жанында және артында тұрмау керек.
Компьютер экранынан 90см ұзақта отырып жұмыс істеу керек.
Ұялы телефонды қолданбайтын кездерде өшіріп қою керек. Телефон шалған уақыттарда да телефонды денеден ұзақ ұстап "жауап" түймесін басу және құлаққа қатты жақындатпау керек.
Зарядтайтын құралды алыста ұстау керек.
Микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрғанда ең аз 1м ұзақта тұру керек.
Ксерокөшірме жиһазынан да ең аз 50см ұзақта тұру керек.
Электрұстараны зарядтап тоқтан ажыратылған күйде қолданған жөн.
Жоғары дауыспен музыка тыңдамау керек.
Феннің магниттің өрісі өте жоғары.
Флуоресценттік және галогендік прожекторлардан мүмкіндігінше ұзақ жүрген дұрыс.