0 дауыс
1.5k көрілді

Мына жұмбақтың шешімін білесіздер ме?

Бір күні ханның жарлығы бойынша қызына үйленуге  екі батыр жігіт келеді. Қыз оларға мынадай тапсырма береді: "Бір межелі жерге атпен жарысып барып, кері жарысып келесіңдер. Кім соңғы боп келсе соған тұрмысқа шығамын". Содан екі батыр жарысып кетеді, межелі жерге жеткен батырлар кері қайтарда жарыспай тұрып қалады.Сол мезетте қастарына бір шал жақындап ақылын айтады. Содан кейін екі батыр кері жарысып кетіп бір ханның қызына үйленеді. Енді сұрақ: Шал қандай ақыл айтты?

Екеуің бірдей келіңдер деген шығар, бірақ бұл детский ақыл.
Жауабын өзің білесіңбе, білетін болсаң бұндай сұрақ қойма.
Мінеки, coder-дың дұрыс жауабы:
Бұрын осыған ұқсас әңгіме оқыған болатынмын. Мына жерде сұрақты кішкене өзгеше қою керек сияқты.
Қыз "Кімнің аты соңғы келеді, соған тұрмысқа шығамын" деу керек еді. Шал жігіттерге аттарын ауыстыруды ұсынады. Себебі өзгенің атына мінген жігіт, өз атын қалдырып кеткісі келіп, барынша тырысады. Яғни, оның аты соңғы келсе, ол үйленеді. Ал, ана жігіт болса керісінше. Сол кезде ғана екеуінің арасында жарыс орын алады. Ал, өз аттарымен жарысатын болатын болса, ешкім жарысқысы келмей, екеуі де соңында болғысы келеді.  
Кім түсінбеді, жазсын, түсіндіріп беремін.)

8 жауап

0 дауыс
Тойдық, жауабын өзің айта сал ))
Сайтта жауабын өзі білетін сұрақты қоюға болмайды, сұрақ иесі бұл ережені сақтаған шығар деген ойдамын.
0 дауыс
Қария екi батырға "аттарыңды ауыстырып мiнiңдер" деген ақыл айтады.
Мағынасы неде? Басқа атпен барсаң да бәрібір бардың емес пе? Атты ауыстырғаннан пайда жоқ сияқты ғой?
0 дауыс
Бұл жерде сұрақ нақтыланбаған, дұрысы - "кiмнiң аты кешiгiп келсе сол жеңiмпаз" делiнген.
0 дауыс
Шалдың айтқан ақылы:2батырға атқа кері отырыңдар дейді.ат алға қарай шауай береді,
0 дауыс
екеуіңде бармаңдар қалыңдар дейді
0 дауыс
"Қыз соңғы келгенге емес бұрын келгенге тұрмысқа шығады" деген болар
Жоқ, ол кезде сұрақ тым оңай боп кетеді.
+1 дауыс

Бұрын осыған ұқсас әңгіме оқыған болатынмын. Мына жерде сұрақты кішкене өзгеше қою керек сияқты. Қыз:       - Кімнің аты соңғы келеді, соған тұрмысқа шығамын, - деу керек еді. Шал жігіттерге аттарын ауыстыруды ұсынады. Себебі өзгенің атына мінген жігіт, өз атын қалдырып кеткісі келіп, барынша тырысады. Яғни, оның аты соңғы келсе, ол үйленеді. Ал, ана жігіт болса керісінше. Сол кезде ғана екеуінің арасында жарыс орын алады. Ал, өз аттарымен жарысатын болатын болса, ешкім жарысқысы келмей, екеуі де соңында болғысы келеді. 

0 дауыс

Бекдәуреннің осы сөзі 

Бул жерде сурак нактыланбаган, дурысы - "кiмнiн аты кешiгiп келсе сол женiмпаз" делiнген

және мына сөздерін оқи отырып тұжырым жасадым!

 Қария екi батырға "аттарыңды ауыстырып мiнiңдер" деген ақыл айтады.

Ал содан кейін өздерінің аттары кешігуі үшін қарсыласының атымен шапсын келіп, қамшыны қайта қайта басып. 

...