0 дауыс
10.1k көрілді


Мына видеода ең биік ғимараттарды көрсетіпті.Солар қай жақта?Шынайы суреттері болса.
Хехехе!  Бұл суреттер компьютерме істелген ғой!
білем мен 1.02 минуттағысын айтамын

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстандағы биік ғимараттар мыналар:

1. "Абу-Даби Плаза" (Астана) – әр түрлі биіктіктегі бірнеше үйден тұратын, көп қызметті кешен. Құрылыс жұмыстары 2010 жылдың қараша айында басталып, 2016 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. «Абу-Даби Плаза" тек Қазақстанда емес, онымен қатар «Орталық Азиядағы» ең биік ғимарат атанады. 88 қабаттан тұратын ғимараттың шыңы 382 метр биіктікте орналасатын болады. Жалпы аумағы 510 мың шаршы метрді қамтып, жобаның құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Болашақта кешеннің ішінен қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, қысқы бақ бой көтереді.

Abu Dhabi Plaza

2. «Меруертті мекен», кей жерлерде "Асыл тас" (Астана) - әр түрлі биіктіктегі көп қабатты үйлерден құралған кешен (37, 40, 53 қабат). Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды.
Ғимарат ассиметриялылығымен ерекшеленеді: 32-қабаттан бастап аумағы кеңейе түседі. Соңғы қабаттың аумағы алғашқы бірінші қабаттан 15 метрге артық. Ал кешеннің аумағы – 280 000 шаршы метр. Жоба құны – 350 миллион доллар.

Меруертті мекен

3. «Солтүстүк сәуле» (Астана) атты тұрғын үй кешені Астанада 2008 жылы салынған. Кешен 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады.  «Хай-тек» стилінде жасалған тұрғын үй кешенінің биіктігі 180 метр.

4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимараты (Астана) - Қазақстанның биік доминанттарының бірі. Заманауи үлгіде жасалған зәулім үй Астананың мақтанышына айналды. Және Қазақстандағы ең биік ғимарат. Биіктігі – 175 метр.

Қазақ Темір Жолы ғимараты

5. «Есентай Тауэр» (Алматы) - Әл-Фараби даңғылында орналасқан Алматы қаласының ең биік ғимараты. 36 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі – 168 метр.

Есентай Алматы

+3 дауыс

Әлемдегі ең биік құрлыс алаңы өз жұмысын бастады

Сауд Арабиясындағы Жидда қаласында Kingdom Tower деген атпен ірі архитектуралық жоба жасалынды. Бұл ғимарат әлемдегі ең биік архитектуралық ғимарат болмақ. Осы жылдың наурызынан бұл ғаламат жобаның ірге тасы қаланды.

Kingdom Tower

Бұл ғимаратттың биіктігі 1001 метр болу керек. Бұл ғимараттың биіктігі Дубайдағы атақты Бурж Халифтен 173 метрге биік болады.

Kingdom Tower басқа биік ғимараттармен салыстырсақ.

Kingdom Tower

Ғимарат маңында 80 мың тұрғыны бар шағын қала болады.

+1 дауыс

Ең биік ғимараттар қалай аталады?

 

Биік ғимараттарды орысша "небоскребы"-деп атайды, қазақшаға аударғанда "көкпен таласқан үйлер"-десе болатын сияқты.

0 дауыс

Бурдж--Халифа, (Бурдж Дубай), 160 қабаттай, БАӘ Елбасының сөзі: егер кім менікінен үлкен ғимарат салса, мен Бурдж Халифаның шатырын (төбесін)  ашып, оны тағы биіктетемін!!!!!
 

0 дауыс

1.Бурдж-Халифа    ұзындығы 828 м .     163 қабаттан тұрады . салынған жылы     2010    ғимарат типі - Небоскрёб .    Ішінде Офистер, отель, тұрғын жайлар , қызмет жайлар орналасқан . Орналасқан ел - Біріккен Араб Әмірліктері , қала /Дубай    . Координатасы /25°11′50″ с. д. 55°16′26.6″ в. д.

Ұқсас сұрақтар

...