+2 дауыс
164k көрілді
Туған жер туралы өлеңдер керек еді...

11 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қалқаман Сарин → Туған ауыл

 Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім, 
 Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
 Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
 Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.
 
 Туған ауыл. Бәрі есте... Балалық шақ,
 Қалаға кеп қаңғырдық қалам ұстап.
 Кешір мені, күнәсіз балалығым,
 Қала алмадым ауылда саған ұқсап.
 
 Қатты маған қызуың күннен сенің,
 Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.
 Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,
 Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.
 
 Тұрғанда жасыл өлке жырға тұнып,
 Көшіріп алушы едім, қырда отырып.
 Жауһардай жырға құмар жүрегімді,
 Алар ма ем, тұнығыңа бір батырып.
 
 Көнермес қасиет бар келбетінде,
 Сағынтар жалғыз мекен жер бетінде!
 Ауылым, сенен алған тұнық сезім,
 Жанымды бір ән болып тербетуде.
 
 Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің,
 Арман қудым. Ат міндім. Дала кездім.
 Қазыналым, қымбатсың маған мәңгі,
 Қарашығы секілді қара көздің!

Ақұштап Бақтыгереева → Туған жер

Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым,
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді әнін
Мен сенде сұлулыққа ғашық болып,
Гүліңе саусақ жайып ұмтылғанмын.
Мен де бір гүлің едім қырқада өскен,
Өзің деп арманым жоқ шырқап өтсем.
Көркіңе көктемдерде сән қосатын
Қырыңа өз қолымнан бір тал ексем.
О, менің ардақты әкем, асыл анам,
Қызыңмын пәк үмітпен асыраған.
Өзің деп қобалжыған жүрегімнің
Дүрсілін сенен қалай жасыра алам?!

Ақұштап Бақтыгереева → Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді

Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді,
Оған айтар мұң-арманым көп еді.
Туған жердің қасиеті шығар-ау
Гүлдей сұлу талы менен терегі.
Оны ұмытсам болмас, сірә, кешірім,
Соған ұқсас қойылыпты есімім.
Оны қалай жырламайын егерде
Толқынында тербетілсе бесігім.
Сонда маған жұлдыз күлді аспаннан,
Сылдыр өнді алғаш ұқтым жас талдан
Мөлдір ағын дыбысынан кеудемде
Нәзік жырдың шумақтары басталған.
Сонда жатыр ата-бабам моласы,
Қымбат маған қаласы мен даласы.
Менің алғаш вальс биін билеуге
Себеп болған Ақ Жайықтың баласы.
Жайық десе, ойда Нарын өлеңі,
Сағынғанда еске аларым көп еді.
Жайық-Анам, Жайық-Елім, Отаным,
Қүшақтағым, аймалағым келеді.

Мағжан Жұмабаев → Туған жер

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,                                                            
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.                                           
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,                                                       
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,                                                         
Батпағында тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы - Алла добы» деген рас,                                                      
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап басым жас.

+2 дауыс
Бақыт нұры шалқыған гүл-өңінен,
Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен.
Елге деген махаббат тыншымайды,
Мұңая да біледі, күле білген.
Өмір маған құшағын жайса дәйім,
Жарқылдатып жүремін найзағайын.
Майыспаймын қашан да елім үшін,
Махамбеттер ұстаған найзадайын.
Туған жердің мәңгілік жыр-әнін де,
Жаттап өскем жасымнан, жүрегімде.
Ақ арманым,
Қуатым,
Бар бақытым,
Сен өзіңсің, Ұлы Отан,
Тірегім де.
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
Аямай-ақ, менен ал керегіңді,
Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп,
Түгендеумен келемін берерімді.
Анық басып тірлікте әр ізімді,
Адалдықпен өтесем қарызымды.
Отан үшін, ел үшін ешқашанда,
Ерінбеймін ақтаудан парызымды.
0 дауыс
Неге сиздер бастарынызды катырып узын такпак жазасыздар?☺Уйкыларыныз келмима?
Басқа сайттан алып жатыр го...оларға балл керек
Бир жагынан сиздики де дурыс Бирак оларга бал керек
0 дауыс
ТУҒАН  ЖЕР.

Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,

Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.

Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,

Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.

 

Бұлақтар бастау алған Алатаудан,

Өзен боп Аспарамдай сарқыраған.

Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар,

Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек.

 

Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым,

Көк майса, қызыл, сары гүлге толған.

Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп,

Айналдым жер ұйығым туған жерім.

 

Тастақты мекен еткен менің елім,

Бау-бақшаң жайқалады туған жерім.

Еліме нәр бергіңде, сән бергіңде,

Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.

 

Алатау аспан, көкпен таласатын,

Қияңнан күнім атқан нұрын шашып.

Шуағы бақ дәулетін шашқан елге,

Шіркінай туған жерім жер жанатым.

 

Туған жер сенде соққан самал қандай,

Сезінткен ата-анамның алақанын.

Есіме түсет сонау өткен күндер,

Оралмас еш бір қайтып, сол бір шақтар.
0 дауыс
Зайсандағы Біржан ауылы туралы

Менің туған жерімнің тамашасы-ай,

Бір жағы Қара Ертіс пен асқар Алтай!

Бір жағын батырдай боп қорғап жатыр,

Қос алып тау - Сауыр мен Тарбағатай!
0 дауыс
Туған жер топырағынан айналдым

Жадында мəңгі есімін

Мөп-мөлдір бұлағынан нəр алдым

Ауылым ақ бесігім.
0 дауыс
Касиетиннен айналайын Туган жкр
Сагынышым ыстык саган Туган ел.

Есимде Бир жусаннын аркасында
0 дауыс
Туган жерим армысын
Аккан булак карлы шын

Туып  остим бир сенде

Еске аламын ар кунде
0 дауыс
біріккен сөздері бар атамекен туралы өлең барма? Балл берем өтініііш
0 дауыс
Сәлеметсіздерме маған туған жер жайлы өлек керек боп тұр бірақ оны шығару керек боп тұр
0 дауыс
Дархансың сахара даламдай

Бақытты өзіңсіз табас ба-ай

Татулық тербеткен думанды ел

Тұғыры алтын туған жер
...