+4 дауыс
49.7k көрілді
Әжем тізем қақсайды деп үнемі маған аяғын ұқалатады. Тіпті кейде ыстық шаугімді тізесіне қойып отыратыны бар. Тізе қақсағанды біржолата қойдыруға бола ма?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әжеңіз әртүрлі уақытша ғана әсер ететін мазьдарды,дәрілерді ішіп шаршаған болар . Олай болса ДИМЕКСИДпен компресс жасап көруді ұсынамын. Бірақ димексидке көп адамдарда аллергиялық реакция беруі мүмкін. Аллергия бар жоғын білу үшін мақтаны димексидке сулап алып,теріге  10 минуттай қойып қоясыз. Егер қатты қызарып кетпесе одан ары қолдана берсеңіз болады.

Компрессті былай жасайды:

1 ас қасық ДИМЕКСИДке + 1 ас қасық қайнаған су қосып араластырасыз. Медициналық дәкені (Марля) дайындалған ерітіндіге малып алып , ауырған тізеге қойып , үстіне целлофан (кленка немесе салафан) жауып сыртын орап тастайсыз. Компрессті  20-40 мин. (ұзақ қоюға болмайды) қоясыз. Процедураны күніне 1 рет 2-3 апта жасайсыз. Әсері көп адамдарда дәлелденген және менің практикамда да.  Бірақ бұл компрессті СТЕНОКАРДИЯ,ГЛАУКОМА бар адамдарға қолдануға болмайды.

Әжеңізге Алла ұзақ өмір жазсын !!!
0 дауыс
кай жактагы тис ауырса сол   жака чиснокты  турап майдалап  колына майдалап койасые
+2 дауыс
Көркем қыз! Тізе қақсау дегеніміз артрит деген ауру. Одан құтылу үшін жатарда "Камфорное масло" деген маймен 1 - 1,5 сағат компресс жасау керек. Кенеп матаға майда құм (песок) салып, пешке қыздырып, тізеге қою керек. Әсер ететін ыстық пен құм кристаллдары. Уқалағаннан да жақсы әсер етеді. 10 күн бойы "Диклофенак" таблетка не капсула дәрісін ішу керек.
Сәлем көркем кыз! Қалайсыз? Оң аяғы жамбастан тобыққа дейін қақсайтын бір досым бар еді,соған не істеуге болады?
Нервісіне немесе қан тамырына суық тиген болуы керек. Хирург не нейрохирург дәрігерге көрінсін.
+1 дауыс
Менің əпкем тізесі қақсағанда парафин яғни кәдімгі свечаны аяғына тамшылатқан болатын. Ыстық майшам аяққа тамғанда шым-шым ауырады. Дегенмен пайдасы күшті. Əрі арзан,əрі зияны жоқ.
+1 дауыс
Ең дұрысы, бір тазикке қар толтырып саласың да, оған бір 1 кг. тұзды салып араластырасыңдар. Жақсылап тұзбен араластырылған қарымыз гельге ұқсап қоюланып қалады,  сол кезде аяқты сол қарға салып тұп-тура 1 минут шыдап  тұру керек. Қарға салынған аяқ тура ыстық суға күйгендей әсер береді, одан қорықпау керек, аяғыңды алған кезде байқайсың терісі сәл күйген сияқты күлдіреп қалады, бұл дұрыс, сондай болу керек, қорықпа. одан кейін аяқ терісінде томпақ-томпақ сулар пайда болып жұқа беткі терілер жарылып шыға бастайды, оның бәрі аяқтан шыққан суықтар ғой, рахаттанып қаласың, одан кейін аяқтың сырқырап-кеміріп қақсағанын мүлде ұмытасыңдар,аяғың құп-құрғақ болып ысып жүретін болып қалады. Қыс мезгілінде тіпті нәскиді шешіп лақтырып тастайсың жаурамайды.

  Бұны мен өзім жасап аяқ қақсаудан біржолата құтылғанмын. Басқа да адамдарға жасатқанмын олар да жазылып кетті, қазір қақсау дегенді ұмытты. бірақ маған рахметтерін айтпады, таза жазылып кеткені соншалықты. Ондай жақсылық тез ұмытылады, яғни нәтижесі өте жақсы болған деген сөз.
Түрлі дәрілерден пайда болған емес, оның бәрі өтірік, біреулер соны жасап, сатып ақша жасап жатыр бар болғаны. Мен 18 жыл бойы сол аяқ қақсаудан қорлық көрген адаммын. Қарға салғаннан бері 8 жыл болып қалды, әлі бір қақсамайды да, терлеп суланбайды да, жаурамайды да.
Қар мен тұз деген жазба қаншалықты рас?! Негізі Мұны дəрігерлер есіткенбе медицина тұрғысында барма ?! Анашыма жасағым кеп тұр бірақ қорқып тұрмын артық етем деп өмірлік қате жасап қоям ба деп?!!!!!!!!!
Осыны жасаған адам номерін калдра аласздарма сурагм бар еды ?
Карга канша уакыт салу керек жане кай жерге дейін батыру керек
0 дауыс
Сонымен жазды қарға салғанның пайдасы барма Маган Ханзала деген мазьді ұсынган қалай ойлайсыздар нестесем болады Анамның тізесі қақсайды Түрлі массаж жасап бере олар бірақ уақытша укалда алған олада уақытша Көмектесіп жіберсеңіздер
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме? Менің анашымның тізесі ісіп кетті,тізесі,тізенің арты ,қылтасы қақсап ауырады.Қандай кеңестерінің бар? Алдын ала рахмет.
0 дауыс
Менің мамамның тізесі қыртылдайды. Буындары ма сіңірлері ма әйтеуір бірнәрсесі тартылып қалып құлап кете жаздайды. Не істеу керек? Докторға барғысы келмейді.
0 дауыс
Салеметсіздерме,Жаным қыйналып кетті Анамның соңғы 1жылы жылаумен операциямен өтті!грыжа деп беліне жасаған операциядан кейін енді аяқ бастырмау тізенің жүргізбеуі пайда болды,Аллай Аяғым деген дауыстан қорқатын болдық,бәрін жағып бүкіл врачка каралдык артрит артроз дейді!оған нестесек болады,қатты жылайды жүргізбейді қақсатқанда сұмдық тартылып ұйыпта калады!білетін көмектерініз болса өтінем айтыныздаршы Алла разылығы үшін!Барымды беруге дайынмын тек Анашымның жанына батпаса екен деймін!87781431960Емін білетіндер болса жазсыншы,сұрағандарынызды беремін!

Ұқсас сұрақтар

...