+1 дауыс
1.2k көрілді
Бір қарияда "катаракт" диагноз помутнение хрусталика . Операцияға барғысы келмейді,Бір емші адраспаннан көзге тамызхатын дәрі жасап берем ,емдеуге болады депті. Жалпы адраспаннан көзге тамызатын дәрі жасауға бола ма? Қарияда көру қабілеті бар, бірақ осы жағдайынан емшіге сеніп көзі нашарлап кетпей ме?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Катарактаның негізгі емі операция. Адыраспанға келсем, оның емдік қасиеті жоғары болғанымен улы өсімдік болғандықтан одан көзге дәрі жасатып , оны тамызудың қажеті жоқ. Көз деген өте нәзік мүше  , көздің ішкі бөлігін күйдіріп , мәңгіге соқыр қылуы да мүмкін.  Операцияға барғысы келмесе , онда : КВИНАКС көз тамшысы 2тамшы 3 рет, ОФТАН-КАТАХРОМ  көз тамшысы 1 тамшыдан 3-4 рет  ҰЗАҚ ҚОЛДАНУ керек.Бұл дәрілер катарактаны емдеп жібермесе де, аздап болса да жақсартып,көрудің одан ары төмендеп кетпеуінің алдын алады.
+2 дауыс
Адыраспан (гармала) - улы дәрілік шөп. Оны адамның көз ауруларын емдеуге пайдаланбайды. Катарактаны тек операциялық жолмен ғана емдейді. Жасы 70-тен асқан адамдар да емделіп, көздері айнадай ашылып жатыр. Қорқудың қажеті жоқ.
0 дауыс
Операцияны пайдаланбай емдеуге де болады. Телефонынызды осы сайтта калдырыныз хабарласады
Бәріңе көп рахмет! Осы жаңа хабарластым ,келесі аптада сол көзіне искуственный хрусталик салатын болыпты. Әйтеуір балалары көндіріпті ғой, бір жақсысы ауруханаға да жатқызбайды екен, бәрі сәтті болса.Сәтті болатынына өздері сеніп отырған сияқты, себебі операция жасайтын дәрігер көздің тамырлары , нервтері  сау хрусталикті ауыстырса, очкисіз оқи алатын боласыз  деп айтыпты. Квинакс пен офтан катахромды тамызып жүргенініе төрт жылдай  болыпты.Бұл кісінің жасы 73-те екен.
...