0 дауыс
40.9k көрілді
Қазіргі қазақ халқының мінезі мен бұрынғы қазақ халқының мінезінде қандай айырмашылық бар? Не өзгерді? НЕ ӨЗГЕРТТІ?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі қазақ алдыңғы қазақ деп бөліп жармай адамзат баласын алып қарайтын болсақ..жіті назар аударарлық тәрбие өзгерді...Қазақ халқы көшіп-қонып өмір сүрді..бір қолымен өмірді..бір қолымен әлемді тербететін аналарымыз үйде болып..үй шаруасы..сәбиінің тәрбиесіне назар аударды..Ал қазір барлық нәрсе дамыды..техника дамып адамдар оған тәуелді бола бастады..барлық жұмысты техника істеп..адамдар тек қана басқаруға үйренді..енді арада теңсіздік пайда болады..байлыққа ұмтылды.Сыйластық жоғала басталды..Аналарымыз жұмыс жасап бала тәрбиесін ұмытты..шет елге еліктеп жастар көрсе қызар бір сәттік ләззатқа салынды...Қанағатсыздыққа салынды..заман өзгермейді..ол сол қалпында..ал адамзатты өзгерткен -Тәрбие..Техника..еліктеушілік
прежде чем высказывать своё мнение,расставьте правильно знаки препинания.
+1 дауыс

Мінездері ұрпаққа байланысты болады ғой!Қазіргі қазақтар мен Бұрыңғы қазақтарға келер болсақ-қазіргі қазақтар бәрі емес көбісі қонақжайлылықты ұмытқан,сәлемдесуді,көршемен байланысып тұруды(Қаладағылар бір-бірін танымайды кейбір көршілір),БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА ЗАМАН ЕМЕС АДАМ БАСҚА ДЕГЕН СИЯҚТЫ ҒОЙ!

+1 дауыс
Заманына қарай адамда өзгереді.Сондықтан қазіргі қазақ халқының мінезі мен бұрынғы қазақ халқының мінезінде көп айырмашылықтар бар.Бұрынғы кезде адамдар бір-бірлерін сыйлай білген.Ал қазіргі кезде тіпті керісінеше.Кішілер үлкендерді сыйлаудан қалған.Тіпті керісіп,төбелесуге дейін барғой.Күнде жаңалықтардан неше түрлілерін көріп жатасың.Кейде шошыйсыңда.Мен  Нұрғалиев Қуанышбектің мына сөздеріне қосыламын "Қазіргі қазақтар мен Бұрыңғы қазақтарға келер болсақ-қазіргі қазақтар бәрі емес көбісі қонақжайлылықты ұмытқан,сәлемдесуді,көршімен байланысып тұруды(Қаладағылар бір-бірін танымайды кейбір көршілір).Ал ауылда басқаша бәрі бір-бірін таниды.
+1 дауыс
Қазіргі адамдардың басым көпшілігі - адамның пиғылы өзгерген. МЫСАЛҒА: бұрын туысқанын болсын. мейлі көршің болсын, үйіне барып кіріп- шығып жүре бересін. Ал қазір қалай: үйге келген қонақ немесе көршің келсе, ішінен ойлап: не үшін келді, не сурауға келді екен деп ойлап отырады қашан қайтқанша.

Сосын бұрыңғы адамдардың сыйластықтары күшті. үлкенді үлкен, кішіні кіші деп қарайды. ал қазір ше олай емес, бір - бірін жеп коя жаздайтындай. кішкене ойынға улкен соғысша бастап кетеді. түсінбейсін қазіргі адамдарды.
+1 дауыс
Бұл айырмашылықтарды ажырататындай, мен бұрынғы заманда өмір сүрген жоқпын және қазіргі заманды өмір сүріп жатсам да, көп білемін деуден аулақпын. Десе де, аздаған пікір қалдырайын:

Бұрынғы қазақ халқы көшпенді халық принципімен өмір сүрген, бұл мәдениеттің негізі мен түп тамырын қалаушылардың көп бөлігі де біздің халыққа тиесілі. Дала заңы - баба заңы. Кейін, отырықшылық мәдениеті, капитализм, демократия ұғымдары ентелей қоғамға кірді. Қазір осы екі мәдениеттің араласуымен, қоғам өз өмірін жалғастыруда.

Сол баяғы ескі моральмен өмір сүретіндерді, қоғамда шеттету факттері бар, тиісінше оларға басқа бір қоғамдық талаптарды сақтау қиын.

Екінші топ, олар екі қоғам ерекшелігін де араластырып, жаңа заманғы үлгіде ұстанып жатқандар.

Үшіншісі, мүлде жаңа қоғамға беріліп кеткендер. Түрлері қазақ, әрекеттері қазаққа жат.

Бірінші және үшінші топтағылар аз. Ортаңғы топтар да өзінше іштей тармақталып, өздерінше деңгейге бөліп талдауға болады.
0 дауыс
Казирги заманын адамдары мейримсиз булуынын себеи ол акшага денег кумарлык Сол себепти мейримсиз булып Кетти деп уйлаймын
0 дауыс
Қазақта сөз барғойқатарына қарай адамы деген сол үшінде бұл жерде үлкен айырмашылық бар
0 дауыс
Менің ойымша бұрынғы заманда тәрбие жақсы болған, ал қазір болса ата-аналардың кейбірі балаларына көңіл бөлмейді., жәнеде адамдар
0 дауыс
Менің ойымша бұрынғы заманда тәрбие жақсы болған, ал қазір болса ата-аналардың кейбірі балаларына көңіл бөлмейді., жәнеде адамдар көбіне корейліктерге көп еліктейді.
...